ЗЖГС ТУУ СЕБЕПТЕРІ ЗЖГС туындауында генетикалық механизмдер маңызды
рөл атқарады. Егер отбасында балалық шағында ЗЖГС
синдромына байланысты қиындықтары болған отбасы
мүшелері болса, гипербелсенділіктің даму қауіп-қатері
шамамен 30% құрайды.
ЗЖГС туындау жайттарының жартысы дерлік жүктілік пен
босану кезіндегі жағымсыз факторларға тәуелді:
•
құрсақ ішіндегі гипоксия (оттегі жетіспеушілігі);
•
жүктіліктің үзілу қаупі; ананың жүктілік кезінде
шылым шегуі және дұрыс тамақтанбауы; жүктілік
кезіндегі күйзелістер;
•
нәрестенің шала туылуы (сәби денесінің салмағы
2500 г кем болуы);
•
мерзімінен бұрын, шапшаң немесе ұзақ босану,
босану үдерісін жеделдету.
Отбасындағы шиеленіскен қарым-қатынастар, жиі жанжал
шығару, балаларға төзбестік пен шамадан тыс қаталдық
таныту да осы синдромның өрбуіне өз үлесін қосады.
149