ЕМДЕУ ЖӘНЕ ТҮЗЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ ЗЖГС сырқатын емдеу кешенді болуы тиіс, яғни құрамы-
на дәрі-дәрмектермен емдеу, сонымен бірге, психоло-
гиялық түзеу шаралары енгізілуі тиіс. Негізі, ең дұрысы,
бала дәрігердің немесе психологтың бақылауында
болуы, ата-анасының қолдауын, олардың емдеу оң нәти-
желер беретініне сенімін сезінуі тиіс. Бұл қолдау емдеу
барысында бала үйренетін дағдыларды орнықтырады.
Гипербелсенді балалардың психологиялық ерекшеліктері
олардың сөгісті және жазалауды ұғынбауында, бірақ олар
тіпті болмашы мақтаудың өзіне мәз-мейрам болады. Берілетін
нұсқауларды анық, түсінікті, қысқа және көрнекі етіп құрау
қажет. Осындай бала қандай да бір нұсқауды немесе өтінішті
орындауы үшін аталмыш нұсқаулар мен өтініштер қысқа (он
сөзден артық емес) болуы тиіс, әйтпесе, бала сізді тыңдамайды.
Ата-анасы балаға бір мезетте бірнеше тапсырма бермеуі тиіс,
оларды жеке-жеке берген дұрыс.
Ата-ана күн тәртібінің
сақталуын қадағалауы тиіс:
тамақтану, серуендеу, ойын,
үй тапсырмаларын орындау,
ұйықтау уақытын нақты
белгілеп отыруы тиіс.
Балақайға артық күш-қуа-
тын дене жаттығуларына,
ұзақ серуендерге, жүгіруге
жұмсауға мүмкіндік жасау
қажет.