ГИПЕРБЕЛСЕНДІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫН МЫСАЛДАРЫ ЗЕЙІНДІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ҚИМЫЛ ОЙЫНДАРЫ «Слалом майталманы». Орындықтардан екі қатарлас слалом жолағы жасалады, сол жо-
лақты сайысқа түскен командалар екі жақ басынан да арқамен
алға қарай жүріп өтуі тиіс. Орындықтар арасымен келе жатып,
олардың біріне соғылып қалған қатысушы қайта бастау үшін
сөреге оралады. Жолақты қателіксіз өткен команда жеңеді.
«Көшбасының артынан қуу». Жарысқа түсетін екі қатысушы орындықтардан жасалған шең-
бер сыртында тұрады. Олар шеңберді ортаға алып, бір-біріне
қарама-қарсы тұрады. Бір мезетте бірге бастап, ойыншылар
арқасымен алға қарай, ирелеңдеп бірін-бірі қуалап жүгіреді.
Жеңімпаз бес айналымнан кейін анықталады. Егер ойыншы
орындыққа үш рет тиіп кетсе, жеңілді деп есептеледі.
i
Балалардың бір бөлігі есейе келе гипербелсенділігінен
арылады, яғни, жасөспірімдік шақта сырқат белгілері
жоғалады. Бірақ, басқа балаларда ЗЖГС сырқаты жасөспірімдік
кезеңге де, ересектік кезеңіне де (әсіресе, баланы емдетпесе)
ұласады.
152