ДЕСПОТИЗМ (озбырлық) көбінесе жалғыз балалы
отбасында жиі кездеседі. Ол бар күшін салып айнала-
сындағыларға билік жүргізгісі келеді, бұрын, бар қалауы
орындалған ерте балалық шағындағы орнын иеленгісі
келеді. Мұндай жағдайда бала «тақсыр» атанғысы келеді.
ҚЫЗҒАНЫШ. Егер отбасында бірнеше бала болса, бұл
белгіні қызғаныш деп атауға болады. Бала бұрынғы-
ша билік етуге тырысады, бірақ билікті өзара бөлісуге
мәжбүр бауырларына қызғанышын көрсетеді.
БІРБЕТКЕЙЛІК баланың қолынан келмесе де, бар-
лығын өзі жасағысы келетіні түрінде орын алады. Бұл
ретте оның дербестікке ұмтылысы белгі береді.
НАРАЗЫЛЫҚ – бүлік бала мінезінің наразылық сипа-
тына ие болуымен өзгешеленеді, бала айналасындағы-
ларға соғыс ашқандай әсер қалдырады.
Наразылық-бүлік ата-анамен жиі ұрыс-керіс шығаруға
алып келеді.
ҚҰНСЫЗДАНУ – бұрынғы заттарға, адамдарға, мі-
нез-құлық ережелеріне үйірліктің құнын қашыру. Бала
бұрын-соңды үйде айтуға болмайтын балағат сөздер
айта бастауы мүмкін. Сөзінде тек жаман, теріс мағынаға
ие сөйлемдер пайда болады. Жақында ғана қастерлі
болған ойыншықтар, кітаптар құнынан айырылуы мүм-
кін, бала оларды лақтыруы, жыртуы, жағымсыз атау беруі
мүмкін.
158
Достарыңызбен бөлісу: