Ж
аңа туылған нәресте – аса нәзік, ғажап, керемет және
өте тәуелді жан. Өмірінің бастапқы
кезеңдерінде сәби тек
өзгенің көмегімен ғана дами алады; ересек адамның жа-
нында болуынсыз, қолдауы
мен қамқорлығынсыз ол ажал
құшуы әбден мүмкін, әрі қоғамның толыққанды мүшесі
болып өсіп-жетілуі де екіталай.
Дүние есігін ашқаннан кейінгі алғашқы жылдары бөбек
ересек туған-туыстарымен (анасымен, әкесімен, әже-
сімен және басқаларымен) кездеседі және осы адамдар
арқылы
айналадағы әлеммен танысады, алғаш рет адам
тілін естиді, өз қызмет-қарекетіне қажет заттарды және
құралдарды
меңгере бастайды, ал кейін – күрделі адами
қарым-қатынастар жүйесін ұғына бастайды. Өмірінің
алғашқы жылдары қандай да бір себептермен ересек-
термен тілдесу мүмкіндігінен
айырылған
балалар сол
күйі «адамша» ойлауды,
сөйлеуді үйрене алмаған,
әлеуметтік ортаға
бейімделе алмаған
көптеген
мысалдар жетіп
артылады.
Осы пікірдің көрнекі мысалы болып «госпитализм»
құбылысы табылады: бала мен ересек арасындағы
өзара әрекеттестік тек балаға ресми күтім көрсетумен
ғана шектеледі және бала
мен ересек адам арасындағы
эмоционалдық толыққанды қарым-қатынас мүмкіндігі
жойылады (бұл бала ерте жасында балалар үйіне орна-
ластырылғанда орын алады).
Осындай балалар көбінесе өз құрдастарынан физика-
лық, зияткерлік, сондай-ақ, эмоционалдық салаларда
артта қалатыны дәлелденген: ол
отыруды, жүруді, сөй-
леуді кеш үйренеді, ойындары жұтаң, әрі бір сарынды,
көбінесе заттармен қарапайым әрекеттер жасаумен
шектеледі. Мұндай балалар, әдетте, селқос, білімқұмар
емес, басқа адамдармен
қарым-қатынас құру дағдыла-
рын игермеген. Әрине, сипатталған мысалдар шектен
тыс, әдеттен тыс құбылыстар болып табылады, дегенмен
де, баланың ересектермен тиісінше
қарым-қатынас
құруы балалардың психикалық дамуының және психи-
калық денсаулығының негізі екенін дәлелдейді.
162
Достарыңызбен бөлісу: