Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!



Pdf көрінісі
бет202/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

ОТБАСЫНДАҒЫ
АНА РӨЛІ
24


ШАРТТЫ ТҮРДЕ «ЖАРЫМЖАН 
ЕТЕТІН» АНАЛАРДЫҢ БІРНЕШЕ 
ТҮРІН СИПАТТАУҒА БОЛАДЫ:
Мұндай жағдайда тәрбиелеудің салдары келесідей 
болуы мүмкін: 
Енжарлық. Осындай ана тәрбиелеген балалар эмоцио-
налдық тұрғыдан ұжымға, отбасына кірігіп кете алмай-
ды.
Тұйықтық. Қиын-қыстау кезеңдерде көмек сұрамай-
ды, тұйықталып кетеді, айналасындағы өзіне жанашыр 
адамдардың көңілін қалдырады.
Сенімсіздік, өшпенділік, ашушаңдық. Кейбірі осы сезім-
дерді өзге адамдарды алыс ұстау үшін пайдаланады. 
Ешкімге сенбейді, бірден шабуылға көшіп, өзіне жақын-
дауға тырысқа кез-келген адамның меселін қайтаруға 
тырысады.
Қарым-қатынастарға қайта баға беру. Ересек өмірде 
мұндай адамдар «елес»-ана қалдырған орынды толтыра 
алатын адамды іздейді. Олар анасынан ала алмағанын 
досы немесе сүйіктісі бере алады деп есептейді. Бірақ, 
ешбір адам ондай биік талапқа сай келе алмайды. 
Некелік өмір сиқырлы таяқты серпе салып, оларды 
бақытты ететініне сенетін, өміріне өкпелі жалғызбасты-
лар, әдетте, ана махаббатының баламасын іздейді.
1. «ЕЛЕС»-АНА
«Елес»-ана, көбіне-көп, физикалық және моральдік 
тұрғыдан жоқ ана. Ол баласына нашар қарайды деп 
айтуға болмайды, алайда, оның сезімдері негізінен 
бала үшін әрдайым жабық. Бала анасынан ашық болуға, 
басқа адамдармен жақындасуға үйренбейді. Мұндай ана 
кез-келген байланыс/жанасу мүмкіндігін жою үшін күш 
көрсетуге бейім, берік байланыс орнатуға жол бермей, 
өз сезімдерін жіті қадағалайды.
Мұндай ана жеке басына қатысты қиын жағдайда қалып, 
балаға көңіл аудармауы, баланы жалғыз қалдыруы мүм-
кін, нәтижесінде бала сене білу қабілетінен айырылады. 
«Елес»-ана балалар оны ренжітіп немесе ашуландырып 
алуға қорқып, ешбір сезімімен бөлісе
алмайтындай мінез көрсетеді.
166


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет