Жағымсыз қарым-қатынастар. Әуел бастан-ақ сәт-
сіздікке ұшыраған, сенім ұялатпаған қарым-қатынас
нәтижесінде мұндай адамдар ересек өмірде жағымсыз
қарым-қатынастар құрбанына айналады.
Қаңырау. Бұл адамзатқа мәлім барлық сезімдердің
ішіндегі ең төзгісізі. Бала, ал кейінірек – ересек адам -
ана махаббаты мен қамқорлығына жауап беріп, ішінен
«толады». Адам баласының өзі білдірген сезімінің
қайтарымын бере алатын ешбір жан болмаса, басы
қиындыққа қалады. Махаббатын қабылдайтын адам жоқ
бала жан-дүниесі қаңыраған бос күйде ержетеді. Алыс,
қолжетімсіз «елес»-ана өзі сияқты селқос, жан-дүниесін
ештеңе толтыра алмайтын бала тәрбиелейді.
Достарыңызбен бөлісу: