Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!



Pdf көрінісі
бет211/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

Үрей, ұят, кінә. «Баскесер»-ананың баласына анасы-
ның, басқа адамдардың көңілін қалдырмағанына үнемі 
уайымдауға тура келеді. Оған барлық адамдардың үміті 
жалғыз өзіне артылғандай көрінеді, ол мінсіздікке жан 
ұшыра қол жеткізу үшін ұят пен кінә сезімін арқалайды. 
Жүрегінің түкпірінде мұндай адам бүкіл өмірінің жалған 
екенін және ешкімнің оның шынайы, терең жасырылған 
«мен» деген болмысынан бейхабар екенін сезеді. Дәл 
осы жайт оны үнемі қинайды.
171
ОТБАСЫНДАҒЫ
АНА РӨЛІ
24


«Тәкаппарлану»: «Төменшіктеуді» ұстанатын адам ба-
лалық рөлін сақтап қалса да, мұндай ауытқушылықтың 
тағы бір көрінісі «тәкаппарлану» болуы мүмкін: адам 
өктемшілдікке бой алдырады, басқаларға билік жүр-
гізіп, олардың әрекеттерін қадағалауға тырысады. 
Шын мәнінде мұндай адам да өзін «төмен» етіп сезі-
неді, бірақ меңгеріп алған қарым-қатынас мәнері осы 
сезімнің қарымын қайтаруға мүмкіндік береді. Ол өзін 
ата-ана рөлімен сәйкестендіріп, бала рөлінен шығады. 
Қол астында жұмыс істейтін қызметкерлерге, кейде дос- 
тарына, некелес жарына менменшіл және сыни көзбен 
қарайды. Соңғы сөз міндетті түрде соныкі болуы тиіс, 
оның пікірімен таласуға болмайды. «Менің айтқанымдай 
болады немесе ештеңе де болмайды». Мұндай адамдар 
көбінесе жоғары кәсібилікке ие және жолы болғыш 
болғанмен, бұл аздық етеді: оларға 
барлығын басып озып, бар-
лығымен сайысқа түс қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет