Әдетте, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі, әсіресе, ерте
балалық шақта, көбінесе дәстүрлі «табыскер және
қорғаушы» рөлін атқару және ананың жан тыныштығын
қамтамасыз ету түрінде жүзеге асырылуы тиіс деп
саналады. Алайда, соңғы жылдары психосарапшылар
бұл түсінікті қайта қарау үстінде. Бала өмірінің алғашқы
жылында-ақ әкенің келесі міндеттерін айқындауға
болады:
«Бүлікшілер»:
Мінез-құлықтың үшінші түрі шын мәнінде сол баяғы
«төменшіктеудің» тағы бір көрінісі, алайда, бұл жағдайда
ата-ана өктемдігіне наразылық тіпті қолдау-қолпаштауға
ие болмай қалу қорқынышынан да басым түседі.
Тұлғаның дамуы тұрғысынан бұл оқ бойы озық тұрған
мінез-құлық, себебі, адам өзінің ашу-ыза қуатына қол
жеткізіп, ересек өмірге өтерде көбірек дербестікке ие-
ленуге қабілетті болады. Бірақ, мұнда да қарым-қатынас
мәселесі шешілмеген күйі қалады.
Бүлікші қандай да болмасын ережелерді және абы-
рой-беделді мойындамайды. Ол еркіндік пен сый-құрмет
жетіспеушілігіне шағымданады, бірақ есесіне өтемін
үлкен жауапкершілікпен өтеуге дайын емес. Ол үздіксіз
наразылық күйде; оған нені қалайтынынан гөрі, нені
қаламайтыны жақсы мәлім. Бұл оның сол күй есеймегенін
дәлелдейді. Бүлікшіге ата-ана қажет, әйтпесе, ол кімге
қарсы бүлік шығарады?! Ал ата-ананы осылайша қажет-
сіну балаңдықтың (есеймегендіктің) нышаны.
Достарыңызбен бөлісу: