Нашақорлық және тәуелділік синдромы. Нашақорлық,
шамадан тыс тамақ ішу және ашығу – осының барлығы
тәртіпке, реттілікке үйренбеген тұлғаның белгілері.
Үрей және байбалам ұстамалары. Үрей көбінесе өмір
бақылаудан шығып кеткендей сезім туындағанда, яғни,
адам өз өміріне өзі билік ете алмайтынын сезгенде пайда
болады. Ол айналасындағылармен қарым-қатынастарын
басқара алмайтындай және тиісінше қызмет ете алмай-
тындай болып көрінсе, бойын қорқыныш билейді.
Басқаларды кінәлауға бейімділік.
4. «БАСКЕСЕР»-АНА
«Баскесер»-ана баласының теріс сезімдерге берілуіне,
өкініш-қайғысын мойындауына жол бермейді. Мінсіз
адамға кінә немесе ұят, сәтсіздік немесе өкініш сезім-
дері жат. Мұндай ана баласының бастан-аяқ мінсіз
болуын қалайды. Ол баласының осалдық танытуына
жол бермейді. «Баскесер»-ана баласының, ол қаласа да,
қаламаса да, өз мақтанышына айналуын көксейді.
170
Достарыңызбен бөлісу: |