5. «ҚОЖАЙЫН»-АНА «Қожайын»-ана баланың тәуелсіз, қалыпты әрекет
ететін ересек адам болу қабілетінен айырады. Мұндай
адам баланы бағынуға баулиды, жеке-дара қатал үй
ережелерін орнатып, олардың сақталуын талап етіп,
отбасында өз беделін бекітеді. Осындай ана тәрбиесінің
салдары бірнеше түрде көрініс беруі мүмкін.
«Төменшіктеу»: Мұндай адам үнемі өзін басқалардан
төмен сезінеді. Ол қандай да бір қабілет, қиял, күш
көрсетіп, наразылық тудыруға қорқады. Әдетте, мұндай
адам шын мәнінде қабілеті жетсе де, табыстан/жеңістен
бас тартады. Ол үнемі жұмыста болсын, жеке өмірінде
болсын қиындықтарға кез болып жүреді, өз әлеуетін
жүзеге асыра алмайды. Ол «ережелерді» білсе ғана өзін
қауіпсіздікте сезінеді. Көбінесе мұндай адам ойлау қа-
жеттілігінен құтылу үшін өзіне өктемшіл «ұстаз» таңдап
алып, соның сый-құрметіне бөлену үшін қолынан
келгенін аямайды.
172