РЕАБИЛИТОЛОГ-ДӘРІГЕР балаңыздың даму деңгейін
бағалай алады, есту және көру қабілетін тексереді, қан-
дай да бір медициналық мәселелер болған жағдайда –
шешіп беруге тырысады, баламен қалай айналысу керек
және қарым-қатынас құру керек, қандай ойыншықтар
қолдану керек туралы кеңес береді. Реабилитолог-дәрі-
гер, сондай-ақ, қимыл-қозғалыс дамуында қиындықта-
ры бар балалармен де жұмыс жасайды, баланың
қимыл-әрекеттері неге ерекше екенін немесе бала
өз құрдастары үйреніп алғанын меңгере алмағанын
түсінуге көмектеседі, баланың қимыл-қозғалысын дұрыс
дамытуға қолғабыс ететін ойындар таңдап береді.
Анадан кәсіпқой маманға – алғашқы араласу маманына
айналуы талап етілмейтіні анық. Оған ғылыми-көпшілік
әдебиет көздерінен оқып-білуге болатын бала дамуы
туралы жалпы мәліметтерден хабардар болу жеткілік-
ті. Оған қоса, ол дәл өз баласы үшін пайдалы арнайы
алғашқы оқыту рәсімдерін білуі және қолдана білуі тиіс.
Егер сіз алаңдаулы болсаңыз, бөбегіңіздің дамуы туралы
білгендеріңізге сенімсіз болсаңыз немесе балаңыз
дамуындағы кешеуілдеуге немесе белгілі бір ерекшелік-
терге байланысты мамандардың бақылауында болса,
Алғашқы араласу немесе дамыту орталықтарына немесе
Психологиялық-педагогикалық кеңес беру орталықтары-
на (ППКБ) хабарласа аласыз:
178
Достарыңызбен бөлісу: