Әкемен қарым-қатынаста ер бала ер адамға тән мінезге
ие болады – оған әкесіне еліктеу жеткілікті. Қыз бала
болса, ер адамның отбасындағы рөлі қандай, ер мен
әйел арасындағы қарым-қатынас
қарай құрылатынын
түйсігімен ұғынады. Кейін кітаптардан, телебағдарла-
малардан және өзге адамдармен қарым-қатынастар-
дан отбасылық өмір туралы
және жынысаралық өзара
қарым-қатынас туралы білген-түйгендері балалар
психикасында отбасында көріп өскеннен қалатындай із
қалдыра алмайды, себебі, отбасында
бастарынан өткен
алғашқы тәжірибе адам тұлғасы тұрғызылатын құрылыс
материалдары болып табылады.
Бала есейген сайын оның өміріндегі әке рөлі де
маңыздырақ бола түседі. Мұнда барлығының мәні зор:
ер
адамның жарына деген көзқарасы, және өз ата-а-
насына және жарының ата-анасына деген
көзқарасы,
жұмысына деген көзқарасы, және достарына деген
көзқарасы. Барлық адамдар (соның ішінде, әкелер де)
әртүрлі келеді, сондықтан, ата-ана мен бала арасын-
дағы өзара қарым-қатынас сипаты ата-ананың да,
баланың да психологиялық
ерекшеліктерімен анықта-
лады.
Бірақ, әке мінезінің ерекшелік-
тері қандай болса да, оның
өзінің
психологиялық саулығы, балаға
деген шынайы қызығушылығы,
ізгі ниеті, өзара әрекеттес-
тікке
ашықтығы және бала
өміріне белсенді араласуы
әрдайым оң нәтиже береді
және
әке мен баланы
бір-біріне дос-сырлас
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: