Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!



Pdf көрінісі
бет224/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   229
Байланысты:
Публикация на каз

ОТБАСЫНДАҒЫ
ӘКЕ РӨЛІ
26


Ер мен әйел заты арасында айырмашылық көп: ерлер 
Қызыл жұлдыздан, ал әйелдер – Шолпан жұлдызынан 
шыққан деген әзілде бір шындық жатқан шығар. Ер 
адамдардың айналадағы әлеммен өзара әрекеттестік 
тәсілінде көбінесе орындылық, танымдылық, ал әйел-
дерде – эмоционалдық тәсілдер басым болады. Ер адам 
отбасындағы өз рөлін тек табыс табумен ғана шектемей, 
отбасы өмірінің барлық салаларына атсалысып,
эмоционалдық жай-күй қамын ойлағаны абзал, себебі, 
ондай жай-күй балаларға тікелей күшті әсер етеді. Оны 
тұқым себу үшін топырақ сапасымен салыстыруға бола-
ды. Бір сәтке көз алдыңызға құнарлы топырақта өскен 
ағашты елестетіңізші. Ал енді осы ағашты шөл далада 
өскен ағашпен салыстырыңыз. Отбасындағы психоло-
гиялық климат жайын ойлайтын ер адамды адал ниетті 
бағбанмен салыстыруға болады, оның еңбегі міндетті 
түрде жемісті болады.
Ер адамды жақсы әке ететін не? Жақсы әкенің басты 
қасиеті - ер-азамат үлгісі болу. Дәл осы қасиет әкенің 
балаға ықпалы мен бөлетін уақыты шын мәнінде оң 
әсер беретініне кепілдік етеді. Әйелдер, өз кезегінде
бала күтімін меңгеру әке үшін бастысы емес екенін 
түсінуі тиіс (десе де, егер ер адам бала күтіміне епті 
болса, тіптен керемет, қиын сәтте қолғабыс етеді). Ер 
адамды бала тәрбиесіне қатыстыруға тырыса отырып, 
оны ана қызметін орындауға итермелемеген жөн: ер 
адамның өзіндік рөлі бар, ол өмірге деген ер-азаматтық 
көзқарасын көрсете отырып, баланы айналадағы 
әлеммен өзара әрекеттестікке үйретуді қамтиды. Өз 
сезімдерімен, ойларымен, әрекеттерімен, бүкіл мінез-
құлқымен ер адам бала санасында ер адамның кім екені 
және оның өмірдегі рөлі қандай екені туралы түсінік 
қалыптастырады. Бұл әке мінез-құлқын үлгі ететін ұл 
балалар үшін де, сондай-ақ, ер адаммен алғашқы өзара 
әрекеттестік дәрістерін алатын қыз балалар үшін де 
маңызы зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет