Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!



Pdf көрінісі
бет222/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

АНАСЫ ЖАНЫНДА
БОЛҒАНДА
25


ОТБАСЫНДАҒЫ
ӘКЕ РӨЛІ
26
183


Жарық дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы үш жылда 
(әсіресе, бірінші жылы) сәби анасына ерекше тәуелді; 
ананың балаға деген көзқарасы, ананың хал-жағдайы 
(физикалық және эмоционалдық) балаға орасан зор әсер 
етеді, осы кезеңде бала психикасының негізі қаланады 
деуге де болады. Сондықтан, әкесінің анасына көмек 
және қолдау көрсетуі баға жетпес маңызға ие.
Аман-сау ананың баласы да аман, дені сау – бұл заң-
дылықты бала мамандары баяғыдан-ақ байқаған. Әрине, 
бұл бала өмірінің алғашқы айлары мен жылдарында әке 
балаға мүлдем жақындамауы тиіс деген сөз емес, әкесі 
баласын еркелете алады, ойнатып, онымен сөйлесе алады 
және т.с.с. 
Отбасындағы жалпы жағдай аса маңызды: ұрыс-керіс, ай-
ғай-шу, әсіресе, жиі қайталанатын болса, бала тұлғасына 
орны толмас залал келтіруі мүмкін.
О
тбасы дамуының және бала дамуының әртүрлі кезең-
дерінде әкенің маңызды мақсаттары мен міндеттері бар. 
Жары жүкті кезінде ер адам жарының демалуына уақыт 
тауып, жарымен бірге серуендеп және оның дұрыс та-
мақтануын қадағалап, міндеттерді қайта бөлісуге септігін 
тигізе алады. Өздеріңіз де білесіздер, соңғы жылдары 
ер адамдар жарына эмоционалдық қолдау көрсету үшін 
босану сынды шетін рәсімге де қатыса алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет