Осы арқылы сіз балаңызға ерекшеленіп тұратын және қы-
зығушылық тудыратын уайымдарды және әсерлерді сезуге
және сезінуге жәрдемесесіз. Бірлесіп
уайымдау ортақтықты
сезіну үшін және баланың сіздің көмегіңізбен қоршаған әлем
туралы жаңа мәліметтерді біле алуы үшін маңызды. Бастан
кешіріп жатқан жайттың мәнін ашып көрсетіңіз. Осы жайт тура-
лы
әңгімелесе отырып, заттарды және адамдарды атай отырып,
өз сезімдеріңізді көрсете отырып, қызығушылығыңызды таныта
отырып және болып жатқан
жайттың маңыздылығына баса
назар аудара отырып, сіз балаңызға сезімді мән-мағынамен
байланыстыруға, демек – қоршаған
ортамен мағыналы байла-
ныс орнатуға көмектесесіз.
Баланы мақтаңыз және қолпаштаңыз, оның жасауға тырысқан
әрбір ұнамды ісін бағалайтыныңызды көрсетіңіз. Неге
ұнамды
екенін көрсететін және түсіндіретін жағымды реакция арқылы
бала ненің жақсы және дұрыс екенін үйренеді. Ол, сондай-ақ,
сіздің нені қалайтыныңызды және одан қандай әрекеттерді
күтетіңізді танып-білуге үйренеді. Бұл
өте маңызды, себебі,
баланың әрекетін мақұлдау және мақтау оның ар-намысының,
өз-өзіне сенімділігінің және бастамашылдығының іргетасын
қалайды.
Баланың
назарын сіздің барлығын
онымен бірге бастан кешіретініңіз-
ге аударуға көмектесіңіз. Көзқарас,
жанасу және сөйлесу арқылы
сіз
балаға онымен бірге бастан
кешіретін және бірге жасайтын әр
іске атсалысуға көмектесесіз.
191
Достарыңызбен бөлісу: