«Ырғақты есте сақта».
Жүргізуші қатысушыларға қол шапалақтау арқылы жасаған
ырғақ үлгісін қайталауды ұсынады. Естігенін есте сақтай ал-
мағандар үшін бағдар ретінде ырғақ үлігісінің сандық жазбасы
беріледі, ондағы сан бір-бірінің артынан үздіксіз соғылған ша-
палақ санын, ал арасындағы сызықшалар кідірістерді білдіреді
(мысалы, 1-1-3-4-2). Тапсырманы жеңілдету үшін шапалақтар
санын көрсетілген үлгіге сәйкес дауыстап санау ұсынылады.
Ырғақты әуен толығымен есте сақталғанда шеңберді айналды-
ра алдымен баяу, артынша үдемелі жылдамдықпен қайталана-
ды. Шатасып қалған қатысушы ойыннан шығады.
Достарыңызбен бөлісу: