«Ойыншық көлік».
Алдыңғы ойындағыдай, пантомимикалық үлгі беріледі, атал-
мыш үлгі белгілі бір реттілікпен жасалатын қимыл топтарынан
тұрады, әр қимылға шартты белгілеме беріледі (екі «төрт-
бұрыш», екі «бүкпе», бір «төртбұрыш»).
«Сиқырлы бөрік».
3 секунд бойы бөрік астына жиналған барлық заттарды есте
сақтап, артынан тізіп айтып беру қажет.
«Шеңбердегі доп».
Шеңбер ішінде тұрып, қатысушылар
бір-біріне 1, 2, 3 және одан көп доп
лақтырып, өзінің лақтыру ниетін
сөздердің көмегінсіз білдіреді.
Лақтырған добын ешкім ұстамаған
ойыншы ойыннан шығады.
«Броун қимылы».
Жүргізуші шеңбердің ішіне бірінен соң бірін бірнеше ондаған
теннис доптарын енгізеді, доптар тоқтамауы да, шеңбер шека-
расынан шықпауы да тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |