1. Психологтың кәсіби іс-әрекеті және шеберлігі мен этикасының мазмұны 4



бет1/9
Дата16.05.2020
өлшемі52,5 Kb.
#68940
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ҚР психологтың этикалық нормасы

МАЗМҰНЫ


Кіріспе 3

1. Психологтың кәсіби іс-әрекеті және шеберлігі мен этикасының мазмұны 4

2. Психодиагностиканың этикалық және кәсіби бағыттары 7

3. Психологиялық диагностиканың этикалық-құқықтық аспектілері 9

Қорытынды 12

ӘДЕБИЕТТЕР 13




Кіріспе


Психологтың кәсіби этикасы - психологтың өз іс-әрекетінде әріптестерімен, ғылыми қауымдастықпен, сондай-ақ психологиялық көмек сұрап келген адамдармен, зерттеуге қатысушылармен өзара қарым-қатынасында арнаулы адамгершілік талаптарды жүзеге асыру.

Қызмет жүйесінде психологиялық іс-атқару барысында этикалық кодекс талаптарын енгізу және қолдану . Психологиялық зерттеу зерттелушінің қатысымен жүргізіледі. Сондықтан психолог және зерттелуші арасындағы этика жайлы мәселе қозғалады. Олар қандай қағидаларға сүйенеді?

Америка психологиялық ассоциациясы (АПА) және Канада мен Ұлыбританиядағы осындай ұйымдар зерттелуші адам және жануарлармен қарым-қатынас жайлы негізгі нұсқаулар жасап шығарды (АПА 1990 ж.). Осылайша АҚШ-та федералды заң органдары федералды қаржыға жүргізілетін зерттеулерге іштей бақылау кеңесінің бояуын талап етеді. Бұл кеңес жүргізілетін зерттеулерді бақылап, белгілі этикалық қағидаларға сай нұсқаулардың орындалуына кепіл болуы керек.

Зерттелуші-адам мен этикалық қарым-қатынастың бірінші қағидасы -қауіптің аз болуы. АҚШ-тағы осы нұсқауда зерттеудегі болатын қауіп күнделікті тұрмыстағы қауіптен жоғары болмауы керек. Адамға физикалық зиян немесе жарақат болмауы керек, бірақ қандай да бір зерттеу жобасында болған психикалық стресс этикалық жағынан қаншалықты ақталатыны белгісіз. Әрине, күнделікті өмірде адамдар сыпайы бола алмайды, алдайды да басқаларды мазалайды. Егер зерттеу жобасы үшін зерттелушіге психолог осылай қарайтын болса, бұл қалайша этикалық жағынан ақталады? Міне осы сұрақты бақылаушы кеңес әрбір жеке жағдайда қарастыруы керек.

Зерттелуші-адам мен этикалық қарым-қатынастың екінші қағидасы -олардың келісімін талап етуі. Зерттелушілер өз еркімен келісіп, кез келген мерзімде зерттеуден ешқандай айыппұлсыз бас тарта алады. Оларды зерттеудің ерекшеліктерімен жалпы таныстыру керек. Бұл кейде зерттелушінің білмеуі кажет жағдайларына қайшы келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет