1. Психологтың кәсіби іс-әрекеті және шеберлігі мен этикасының мазмұны 4



бет8/9
Дата16.05.2020
өлшемі52,5 Kb.
#68940
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ҚР психологтың этикалық нормасы
15 04 20 М-31 ПРОФ АНГЛ, Новый документ, Новый документ, Новый документ

Қорытынды


Әрине жоғарыда аталған кәсіби және тұлғалық қасиеттердің барлығы педагог психологтың жұмыс тәжірибесінде, оның кәсіби іс-әрекетінде жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Бірақ психологтың кәсі-би іс-әрекетінде диагностикалық, ұйымдас-тырушылық, коммуникативтік, білімділік-тәрбиелік, профилактикалық функция-ларды орындау да жан-жақты білімді, біліктілікті қажет етеді.

Сонымен бірге білім саласында қыз-мет істейтін психолог Қазақстан Республи-касының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әле-уметтік және медициналық педагогты қол-дау туралы», «Бала құқығы туралы»» заңдарды және басқа білім беру мәселесі жөнінде нормативтік құқықтық актілерді; педагогикалық психология, жалпы психо-логия, жас ерекшелік физиология теория-сын, әлеуметтік психология мен даму психологиясын, мектеп гигиенасын; оқыту бағдарламасы мен жоспарын, оқулық-тарды, психология және педагогикалық ғылымның негізгі жетістіктерін білуге міндетті.

Әрбір психолог адамның жан жарасын емдеушісі ретінде психодиаг-ностикалық жұмысты жүзеге асыру үшін өзіне, бірінші кезекте белгілі дәрежеде өзінің жеке тұлғасына талаптар қоя білуі керек.

Өйткені, психологтың жұмысы білім ордасындағы баланы жан жақты дамуына ықпал етеді және адам тағдырында маңызды да жауапты орын алады. Тек өзінің кәсіби іс әрекетін дамыта алатын, кәсіби – қажетті деңгейде көмек көрсете білуге дағдыланған маман ғана еңбек нарығы мен қоғам сұранысына ие және білім беру қызметінің сапасын жоғарлатуға ықпалын тигізеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылыми мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру» деп көрсетілген.

Демек, заман талабына сай болу үшін білім саласындағы қызмет ететін әрбір маман еліміздегі білім саласын оздыра дамытуға ерекше үлес қосу керек деп ойлаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет