Құпия сақтау принципі. Зерттелетін адамның рұқсатынсыз зерттеу нәтижелерін жарияламау. Біріншіден, бұл нәрсе кәмелет жасқа жеткендерге қатысты. Егер кәмелет жасқа толмағандар туралы айтатын болсақ, онда олардың ата-аналарының немесе басқа олардың орнындағы адамдардың рұқсаты керек. Егер зерттеу эксперимент ретінде өткізілсе, онда аты жөндері өзгертіліп жазылу керек.
Ғылыми негізделу принципі психодиагностиканың валидты болуын, сенімді нәтижелерді талап етеді.
Зерттелетіндерге зардап келтірмеу принципі. Психодиагностикадан өтетін адамға нәтижелер ешқандай зиян келтірмеу керек. Бұл принцип нәтижелердің ашықтығы принципімен қатар қолданылады.