1. Психологтың кәсіби іс-әрекеті және шеберлігі мен этикасының мазмұны 4


Психологтың кәсіби іс-әрекеті және шеберлігі мен этикасының мазмұны



бет2/9
Дата16.05.2020
өлшемі52,5 Kb.
#68940
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ҚР психологтың этикалық нормасы
15 04 20 М-31 ПРОФ АНГЛ, Новый документ, Новый документ, Новый документ

1. Психологтың кәсіби іс-әрекеті және шеберлігі мен этикасының мазмұны

Психологтың кәсіби этикасы – бұл психологтың өз іс-әрекетінде әріптестерімен, ғылыми қоғаммен, зерттелінушілермен, сұхбаттасушымен, жәрдем сұрап келген адамдармен қарым-қатынас барысында спецификалық құлықтық, адамгершілік, өнегелілік талаптарды жүзеге асыру болып табылады. Ғалымдардың барлық категориялары үшін маңызды болып табылатын (экспериментальды мәліметтерді жинақтаудағы ғылыми шындық пен әдептілікті сақтау, тексерілмеген мәліметтер негізінде шыққан шұғыл шешімдерді, бөгде адамдардың зерттеу нәтижелері мен көзқарастарын меншіктенуден бас тарту т.б.) әртүрлі этикалық талаптар мен қағида, ережелермен қатар, психолог зерттеу жүргізу барысында зерттелінушінің жекелік қадір-қасиетін, олардың қызығушылықтарын кемсітуші немесе нұқсан келтіруші әдістерді, техникаларды, рәсімдерді қолданбауы қажет.

ХХ ғасырдың аяғында педагогтар мен психологтар үшін маңызды болып табылатын жаңа құбылыс келді. Педология кетіп оның орнына практикалық психология келді. Біраз жылдар өтеннен соң өздерін практик психолог деп атап спецификалық қызметтерін ұсынды. Ол қызметтер баланың оқуға даярлығын анықтау; бизнес жоспарларды психологиялық қамтамасыз ету; кәсіп иелерінің психологиялық сипаттамасымен олардың үйлесімділігін болжау т.б. Бұлар кімдер? Олардың әлеуметтік статустары мен қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны қандай? Индивидуалды және әлеуметтік өмірге әсер ету үшін қандай құқықтарға негізделіп жауапкершілікті мойнына алады?

Адамның “Мен-концепциясы” деңгейінде өз кәсіби әрекеттеріне шектеулер де қойылады. Мысалы:өзіне немесе басқа адамдарға “Мен мұны істей аламаймын, қолымнан келмейді, нашар істеймін немесе біреудің көмегімен ғана емес кәсіби жауапкершілік аумағы да, сондай-ақ “істей алмаймын „ дегенді болдырмауды жоюды кәсіби жүзеге асыру үшін бірегей мүмкіндіктер де жатыр.

Ғасырдың басындағы психолог мамандығының ипайда болуы оқу және еңбек әрекетінде адамдардың индивидуалдылық ресурстарды қолданудыңяғни адам жақсы оқуы және жақсы жұмыс істеуі қажеттілігіндегі, әлеуметтік міндеттермен байланысты болды. Ал бұл еңбек психологиясы тарихымен оқыту психологиясы тарихында жалғастырылып көрсетілді. Соңында психологиялық білімдердің жаңа саласы индивидуалды айырмашылықтар психологиясының пайда болуына жағдай жасады.

Психолог осы кәсіп аумағында бола отырып жекелік дамудың перспективалары сипаттамасындағы, оқу мен еңбек әрекетін жүзеге асыру сәттілігінің нақты көрінуінде бұл перспективалалды анықтау жауапкершілігін мойнына ала отырып, индивидуалдылық өмірдің маңызды сипаттамаларының бьірінен жұмыс істей бастады.

Кәсіби этика-бұл адамның өз кәсіби міндеттеріне қатынасын анықтайтын моральдық нормалар жиынтығы. Еңбек адамдарының еңбек сферасындағы адамгершілік қатынастарының кәсіби этика реттеп отырады. Қоғам материалды және құндылық өндірісінің үздіксіз процесі нәтижесінде ғана дұрыс қызмет етіп, дами алады.

Кәсіби этика мазмұны адамдар арасындағы өзара адамгершілік қатынасын нақты бір түрін және сол кодекстерді дәлелдеу тәсілдерін көрсетуші, мінез-құлық кодекстері болып табылыды.

Кәсіби этика мыналарды зерттейді׃

– ұжымның еңбек қатынасын және әрбір маманның жеке қатынасы׃

– кәсіби міндетін жақсы орындауды қамтамасыз ететін маманның адамгершілік қасиеттері;

– кәсіптік ұжымның ішкі өзара қатынасы және дәл сол кәсіпке тән спецификалық адамгершілік нормалар

– кәсіби тәрбиелеу ерекшеліктері.

Соңғы онжылдықта мектептерде енгізілген психолог және әлеуметтік педагогтардың атқаратын қызметі білім саласының өзекті мәселерін шешуде үлкен роль атқаратынын заман талабы көрсетумен қатар, облыс және қала бойынша мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтары жөнінде кешенді мәліметтер жинақтап, оны талдауда психологтардың 62%, әлеуметтік педагогтардың 100%-ының (қыркүйек, 2005 жылғы мәлімет бойынша) арнайы мамандықтары жоқтығы, отандық жергілікті халықтың, білім саласының және оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне бейімделген психологиялық, әлеуметтік қызмет жөнінде әдебиеттердің, соның ішінде ана тілімізде мардымсыздығы бұл мамандардың және мектептегі психологиялық-әлеуметтік қызметтің өз дәрежесінде жүруіне кедергі келтіруде. Сондай-ақ аудандық, қалалық білім және спорт бөлімінде осы мамандықтың әдістемелік жетекшілерінің маман еместігіде, көпшілік мектептердегі психолог кабинетінің жоқтығыда аяққа құрмау болуда. 2005 оқу-әдістемелік жылында педагогика-психология кафедрасы өткізген 7 біліктілік арттыру курсында және 4 тақырыптық семинарларда жүргізілген мониторингтік сауалнама және пікірлесулерден облыс психологтары мен әлеуметтік педагогтарының басты қиыншылықтары айқындалды. Олар:



  1. Отандық әдістемелік құралдардың аздығы, соның ішінде ана тілімізде мардымсыздығы;

  2. Аудан, ауыл мектептеріндегі мамандардың бір-бірімен кәсіби байланыс жасау қиыншылығы (себебі мектепте тек бір маманнан ғана);

  3. Психодиагностикалық әдістемелерді қолдану және анализ жасау;

  4. Түзету шараларын тиімді ұйымдастыру;

  5. Қызмет бағыттарын толық жүзеге асыру үшін жағдайдың жоқтығы (кабинет жоқ болса, психологиялық қызметтің басты бағыты кеңес беру жоқ ) т.б;

Жоғарыдағы басты қиыншылықтар мен кедергілерді ескере отырып, БҚОПКБА және ҚДИ педагогика-психология кафедрасының жанынан құрылған инновациялық порталдың жұмыстанатын басты бағыттары айқындалды. Мектеп психологтарының қажеттіліктері мен сұраныстарын ескере отырып, өз өтініштерімен облыстық психологтар мен әлеуметтік педагогтар Ассоциациасы құрылды.

Порталдың құрылуына себепкер болған түрткілер: Мектеп психолог-тары мен әлеуметтік педагогтарының облыстық Ассоциациясының ұсыныс-тары мен қажеттіліктері.

Инновациялық портал жұмысының мақсаты:

Облыс мектептеріндегі психологиялық және әлеуметтік қызметті жандандыру үшін уақтылы әдістемелік көмек көрсету, мамандардың кәсіби шеберлігін, құзырлылығын, мәртебесін арттыру үшін алуан түрлі шаралар ұйымдастырып, өткізу.



  1. Этикалық кодекс деп – қандайда бір сферадағы адамдардың қатынастары мен әрекеттері негізіндегі мінез-құлықтың адамершілік ережелерінің жиынтығын атаймыз. Этикалық заңдар жиынтығына жақсылық категорияларын көрсетуші өнегелік ережелер, яғни адамдар үшін игілік орнататын, оларға пайда әкелетін, бақытты ететін адамзат мәдениеті мен өркениеті тарихында қалыптасқан жалпы ұстанымдар жатады. Бұған қарама-қайшылық ретінде жауыздықпен байланысты адамдарды бағытсыздыққа, жамандыққа бағыттаушы категорияларды атауға болады.

Этикалық заңдар жиынтығы құқықтық емес, адамгершілік нормаларға негізделеді. Демек бұл кодексті бұзған адам заңға сәйкес ешқандай жауапқа тартылмайды және жазаланбайды.

Психологиялық қызмет жұмысына, оның құрылымына жататын практик психолог әрекетін басқаруға этикалық кодекстің жату себебі, практика психологтың тіршілік барысында басынан кешіргендері, мысалы білім беру жүйесінде қандайда әлеуметтік ситуацияда психологтың әрекетін регламенттеуші бірмағыналы нақтырақ айтсақ құқықтық шешімге ие болуы, құқықтық нормада немесе кестеде көрсетілуі мүмкін. Мысалы, философияда біраздан бері “этика” деп аталатын бөлім бар. Ол бөлім бойынша адамгершіліктің, өнегеліліктің ғылыми анықтамасы беріліп, оның шығу тарихы мен бастаулары, олардың адамзат тарихы мен өркендеу процесі дамуында жаңарып, өзгеріп отыруы қарастырылады.

Практик психологтың кәсіби этикалық кодексіне жататын барлық моральдық нормаларды жүзеге асыру және қолдану аумағындағы әрекетіне байланысты бөліп көрсетуге болады. Бұл – блалар дамуының қызығушылығын біреу бұзған жағдайдағы психолог әрекеті; балаға қанағаттанарлық дәрежеде көмек бере алмаған және ресми мақұлданбаған, тексерілмеген әдістерді қолдануға мәжбүр болған жағдайдағы психологтың әрекеті; психодиагностикалық зерттеулер нәтижесін жариялауға қатысты ситуацияларда мұғалімдермен, ата-аналармен психологтың арасында орын алған қатнас; баланың тағдыры шешілетін жағдайдың психологтың әрекеті сияқты т.б. позициялар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет