«Бизнес этиасы» пәнінен қысқаша дәріс тезистері
«Бизнес этиасы» пәнінен қысқаша дәріс тезистері
1, 2 - тақырып. Бизнес этикасы: пәні, мазмұны, анықтамасы. Бизнес этикасының қазіргі заман концепциялары.
Этикет адам мен қоғам мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылатын адамдардың ішкі қатынастарының пайда болу процесін реттейтін өзін - өзі ұстау ережелерінің жиынтығы.
Этикет адамның сыртқы келбетінің элементі ретінде ішкі мәнімен сәйкес бола бермейді, бала күнінен дипломатиялық қатынастардың даналығын сіңіріп өскен адам өнегесіз, адамгершіліксіз, менменшіл болып қалуы мүмкін. Бірақта осындай адамның мәдениетті, тәрбиелі болуы екіталай. Өзге адамдарға деген шынайы силастықтың сыртқы көрінісінде, адамның өзіндік абыройына, көмекке әзірлігі, қолдаушылық сияқты мінез – құлықтық мазмұнға ие болғанда өзін - өзі ұстаудың сыртқы нысаны шынайы мәдениеттің элементі мен көрсеткіші болып табылады.
Адамның өзін - өзі ұстауында сыртқы және ішкі бірлігі екі жарым мың жыл бұрын «мінез – құлықтың алтын ережесінде», «Басқалардың өзіңе қандай қарым – қатынаста болсын десең, басқаларға да сондай қарым – қатынаста бол» дегенді білдіреді. Біз бұл қағиданы Конфуцидің ілімінде, ежелгі индия эпосы «Махабхараттан» және Библиядан да кездестіреміз. Өзіндік абыройын сезіну адамның өзін - өзі бағалауын бекітетін этиканың негізі болып табылады. Адамдарға қатысты әдептілік, шынайылылық, табиғилық, ілтипаттылық (этиканың маңызды кредосы) қарым – қатынастағы мәнерлілік пен жалғандылықты айыптайтын этиканың маңызды кредосы.
Көбінесе қазіргі заманғы этиканың мінез – құлықтық шарттастығы жақсы мәнер мен өзін - өзі ұстау ережелерін зеріккен мырзалар немесе әлеуметтік топтардың назымен қалыптасқан жоқ, ал адамдардың объективті қажеттіліктерін реттеп, жоғарылатудың күшімен, өзін - өзі құрметтеуге, басқа адамдардың қадірлеуі мен тануы, қарым – қатынас пен бауырмалдылықты әлеуметтік қамсыздандырып, оларды жылы және адами ету болып табылады. Әсіресе, бізге бұл қажеттілік қазір қоғамымызды менмендік пен бөлектенушілік меңзегенде аса қажет, ал альтруизм ұғымы келмеске кеткен сияқты.
Қазіргі заманғы жеке әлеуметтік топтардың кәсіби ерекшеліктері мен қоғамның кейбір өмірлік қызметінің аясындағы кәсібилік сияқты өмірлік жағдайлардың ерекшелікреімен айқындалатын этикеттің әртүрлі нысандары. Сондықтан, бүгінгі күні этикетті кәсіби, қызметтік, ғылыми, медициналық, дипломатиялық және т.б. түрлерге бөледі.
Этика – Мораль және адамгершілік туралы ғылым. Этика терминін философияға алғаш енгізген адамзаттың Ұлы ұстаздарының бірі – Аристотель.
Этика деп – этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтқан.Ол бойынша адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады:
1.Этикалық ізгіліктер.
2.Дианоэтикалық ізгіліктер.
Этикалық ізгіліктер адамның мінез-құлқына, күш-қуатына байланысты болады. Олар мыналар: жомарттық,батылдық,шыншылдық.
Ал Дианоэтикалық ізгіліктер адамның ақыл парасатына байланысты дүниелер. Олар мыналар болып есептеледі:Ақыл мен парасат.
Этиканың негізгі зерттейтін пәні Мораль болып табылады.Ол адамзатпен бірге бірігіп этиканы құрайды.
Адамгершілік – адамгершілік құлық жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын басқалармен қарым – қатынаста болатын қабілеті.Ол адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі.
Ал мораль өзінің мәні жағынан жеке тұлғамен қауымның адам мен азаматтың арасындағы ізгілік ережелерінің жиынтығы.
Этика ғылым ретінде ежелгі Грецияда қалыптасқан.Этиканың негізгі элементтері Платонның, Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Этика Грек тілінен аударғанда «Әдеп» дегенді білдіреді.
Этика Ежелгі Грецияда философиялық ғылым ретінде пайда болған екен. Ежелгі Греция құл иеленушілік мемлекет болған еді.Сондықтан ол Ежелгі Грецияда орнаған әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай екендігіне сенімді болды.Мысалы:Аристотель әрбір осы Ежелгі Грециядағы адам белгілі бір Полистің мүшесі болу керек деп білді.
Полистің мүшесі емес құлдарды ол адам қатарына қосқан жоқ еді.
Аристотель Этикасында «Құбатөбел», немесе «Алтын орта» ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды.Өиткені Аристотельдің айтуынша екі шеткі күйлердің ортасын таба білгенде ғана адам ізгілікке жетеді – деген екен.
Мысалы: Жомарттық малшашпақ пен дүниеқоңыздықтың орта шені, Батылдық, Көзсіз батылдықпен Қоянжүрек қорқақтықтың дәл ортасы.
Жалпы Антикалық этикаға байланысты оған тиесілі ең негізгі 3-мұрат бар.
1.Адам мен Полис бірлігі.
2.Адамның құдіретіне өзін-өзі жетілдіру қабілетіне мейліншесену.
3.Эвдомоманы яғни бақытты адам мұраттарының ең биік шыңы деп тану
Қазіргі этика адамзат тарихының ежелгі кезеңімен өте тыгыз байланысты. Қазіргі кезде этиканың ең басты пәні Мораль.Ол күнделікті этикетпен тығыз байланысты.
Коптеген философиялық,теориялық пәндермен салыстырғанда этиканың категориялары күнделікті тілде кең пайдаланылатын сөздерден тұрады.Олар: Достық, Махабат, Жомарттық, ізгілікпен пен зұлымдық, ұят, абырой, парыз, Әділеттілік бақыт.
Қазіргі нарықтық эканомика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп – нарық экономикасына әбден бейімделген өз ісін жетік білетін адамды айтады. Іскерліктің маңызды ұстанымына Сенім жатады. Әріптес адамдар арасында сенім болмай іс оңға баспайды.
Жалпы сенім - адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор.
Әдеп – қазіргі этиканың маңызды ұстанымы болып табылады. Әдеп амандасудан басталады.Қазіргі кездегі этика халықаралық қарым-қатынаста ереже ретінде кең қолданылады.Мысалы Мемлекет және Үкімет басшылары,Министрлер,Елшілер кездесу өткізгенде белгілі-бір әдеп ережелерін сақтай отырып кездесу жүргізеді. Қазіргі кезде дін,құқық, өнер сияқты Моральда қоғамдық сананың бір формасына айналды.Көптеген ерекшеліктермен қатар Мораль басқа қоғамдық сана формасымен тығыз байланыста дамиды.
Қазіргі біздің қоғамда Этика дін мен де тығыз байланысты.Мысалы: Исламның этикалық тұрғыдан қарастырған өлшемдері Мораль нормаларына да қатысы бар. Өйткені Ислам діні қазіргі кезде әділеттілікті,бейбітшілікті кеңінен марапаттайды.
Қазіргі этика күнделікті адамдар арасында кеңінен этикет түрінде қолданылады.
Мысалы: Бақыт дегеніміз бұқара санасында бақытқа мынадай 4 түсініктеме берілген.
1. Бақыт дегеніміз – жолы болып жұлдызы жаңғандық.
2. Бақыт дегеніміз – Қуаныш, Ләззат және жан қызығы.
3. Бақыт дегеніміз – Ең жоғарғы ізгілікке қол жеткізу.
4. Бақыт дегеніміз - өз-өзіңе,жалпы өмірге көңілі толған төрт құбылаң түгелдік күйі.
Бизнес әдебiнiң мазмұны және анықтау түсiнiгi.
Әдептiлiктiң утилитарлық - ағартушылық тақырыбының iскерлiк өмiрiнде адамның экономикалық iс әрекетiне дiннiң, моральдiң, мәдениеттiң әсер етуi.
Құрама Штаттар мен Батыс Европада бизнес әдебi ғылыми тәртiп ретiнде бұрыннан өмiр сүредi, менеджмент, экономика, стратегиялық жоспар, қаржы, есеп, маркетинг, ракурсына сәйкес зерттелетiн. Бизнес этикасы бiлiм саласының қолданбасы ретiнде Құрама Штат және Батыс Европада ХХ ғасырда 1970 жылдары құрылды.
Ғылыми қауымдастық және iскерлiк әлем кәсiби бизнесмендер iскерлiк операцияларды жүргiзуде сондай-ақ, «қоғам алдында корпорациялық жауапкершiлiктер», «Әдептiлiк сана сезiм» қажеттiгiн жетiлдiру туралы келiсiмге келдi. 1980 жылдар басында АҚШ-та бизнес мектебiнiң көпшiлiгi сонымен бiрге кейбiр университеттер өздерiнiң оқу бағдарламасында әдеп бизнесiн өткiзедi. Бизнес этикасында бизнестiң мораль мәселелерiнiң 3 негiзгi әдiсi бар. Үш негiзгi жолдамаға тiрелетiн утилитаризм, деонтикалық әдеп, және «әдiлеттiлiк әдебi». Америка ғалымдары М. Валаскес, Дж. Ролза, Л. Нэш еңбектерiңде көрсетiлген. Қазiргi уақытта бизнес әдебiнiң курсына Ресей және Қазақстан оқу орындарының кейбiр оқу жоспарына кiредi.
Бизнес әдебiнде ең негiзгi лауазымдардың бiрi болып утилитаризм тұжырымдамасы табылады. Моральды ақталған болып соңында ең аз пайдалы тиiмдiлiкке әкелетiн әрекет табылады.
Барлық мүмкiн болатын iс-әрекет нұсқалары негiзiнде табыс пен шығын түрiнде жағымды не негативтi тиiмдiлiгiн ескеру қажет, сондай-ақ оның салдарын болжау, оның iшiнде әрбiр жалған нәтижелерiн теориялық утилитаризм ережесiн қолдану, толыққанды мәселелерiмен байланысты, оның қатарындағы ең негiзгiсi «қоғамдық пайданы» толығымен анықтау қажеттiлiгi. Кейбiр жағдайда табыс пен шығын өлшемге берiлмейдi. Көп жағдайда табыс пен шығын мөлшерiн болжау, сондай-ақ оларды сан жағынан бағалау мүмкiндiгi болмайды.
Сонымен өте белгiлi фундаментальдi ғылыми зерттеулердiң табысы мен шығысын анықтау мүмкiн емес.
Теориялық нормалар утилитаризмiнiң жағдайларын келесi принциптермен көрсетуге болады:
1) әдеп көз қарасы жағынан қандай болмасын акция заңды, тек қана мораль нормаларының реализациясының қажеттiлiгi болған жағдайда ғана;
2) мораль нормасы түзу тек қана, онымен жүретiн табыс, альтернативтi норманы қадағалау нәтижесiндегi жалпы табысынан гөрi жоғары көрсеткiштi болса.
Iскер өмiрдiң мәселерiне басқа тұрғыдан қарау деонтикалық әдептi және борыштық әдептi ұсынады. Осы тұрғыда түсiнiк орталығы құқық болып табылады. Бұл түсiнiктi кез-келген бизнесмен кездестiредi. «Құқық» терминi адамның кез-келген нәрсеге қарым-қатынаста моральдi түрде қолдануы. Индивид кез-келген адаммен немесе нақты бейнемен қарым - қатынас жасағанда қандай да бiр құқықтарды игередi.
Моральдi құқықтың 3 ерекшклiгi бар. Олар: жауапкершiлiкпен, автономды және тең құқықты мүмкiндiктi қамтамасыз ететiн мақсатты таңдауды, iс-әрекеттiң және қамқорлық жасаудың немесе басқа адамдарға көмектесумен байланысты.
Утилитарлық тұрғы және моральдық құқықтық позициялық тұрғының арасындағы басты екi айырмашылықты бөлiп қарауға болады. Моральдiк құқық моральдiк талаптардың бейнесi болып табылады, ал утилитарлық моральдiк нормалар мәнi бойынша ұжымдық болып табылады да, онда нормативтiк базалар қоғамдық пайдалы және сапалы факторлар ретiнде бейнеленедi.
Бизнес этикасы келесi категориялық императивтi құрастырады: «адамгершiлiк мақсат ретiнде өзiне немесе басқа адамдарға тек бiр құрал ретiнде қарастырылсын» Кант өз еңбектерiнде жауапкершiлiк заңдылықтарын этикалық шешiмдердi барлық адамдарға тән рационалистiк этиканы қалыптастыра отырып қарастырған. Iскерлiк өмiрдiң мәселелерiн 3 тұрғыдан қарастырғанда бизнес категориясына әдiлдiктi қолдануға талдау жасауымен байланысты. Утилитаризм этикасы және деонтикалық этиканың арасындағы айырмашылық «әдiлдiк этикасын» қолданумен айрықшаланады.
Соңғысы бизнеспен қоғамды тұтас қарым - қатынас негiзiнде қарастырады, мысалы корпорациялар арасындағы қарым-қатынас.соған қоса әдiлдiк стандарттары моральдiк құқықтан жоғары тұрмайды. Әдiлдiктiң өзi индивидтiң моральдiк құқығына негiзделедi.
Дж. Ролз әдiлдiк туралы өзiнiң түсiнiгiн келесi принцптер негiзiнде құрастырған:
1) әрбiр адам бостандыққа, басқа адамдармен бейбiт өмiр сүруге тең құқықты;
2) әлеуметтiк экономикалық теңсiздiк параметрлерi келесiдегiдей болуы қажет:
а) табысты артық мөлшерде қамтамасыз ету;
б) билiктi жүргiзушi мекемелер және лауазымды адамдар тең құқықты болуы керек.
1 сурет - Бизнес этикасының қазіргі заман концепциялары
Достарыңызбен бөлісу: |