Технологиялық этика: сандық құпиялылық және деректер этикасы, жасанды интеллект этикасы, сандық технологиялар дәуіріндегі медициналық этика., копия



бет1/5
Дата27.12.2023
өлшемі3,48 Mb.
#199683
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Академиялық жазылым түрлері. Ресми құжаттар. Кәсіби жазылым өмірбаян, түйіндеме, ілеспе хат, электрондық почта және т.б


Академиялық жазылым түрлері. Ресми құжаттар. Кәсіби жазылым: өмірбаян, түйіндеме, ілеспе хат, электрондық почта және т.б
Сахимбеков Біржан Шалабайұлы
Аға оқытушы
Пән атауы
Академиялық және кәсіби тәжірибедегі хат пен этикалық принциптер
Академиялық жазылым- эссе, курстық жұмыс, диплом жұмысы, магистрлік жәнедокторлық диссертациялар, ғылыми мақалалар мен монографиялар, ресмиқұжаттар сияқты ғылыми мәтінжазудың әдіснамасы.
Академиялық жазылым- жеке ойлар мен идеяларды білдіру және оны негіздей білуәріоларды мақсатты аудиторияға жеткізе білудағдысы.
Академиялық жазылым - бұлғылыми мәтіндер жазу, олардың жазутілі мен стилін таңдап, қолдана білудағдысы.
Академиялық жазылымдағдысын білу - академиялық ортада табысты болудың негізі.
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМ
Нақты ғылыми жанр - оларды ғылыми жанрлардың ядросы деп атайды, оларда жаңа ғылыми білімдер ұсынылады.
Монография, монография тарауы, Оқулық немесе оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал, диссертация автореферат.
Ғылыми-оқу жанры - Оқу орындарында орындалады.
Дәріс, дәрістер курсы, презентация, аннотация, конспект, жұмыс бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулықтар, курстық жұмыс, эссе, реферат, тезистер, дипломдық жұмыс.
Ғылыми-танымал жан – көпшілікке арналған ғылыми жанрлар.
Ғылыми мақала, баяндама немесе хабарлама, ауызша сөйлеу, анықтама, пікір сияқты жұмыс түрлерін қамтиды.
Академиялық жазылымының жанрлары:
Эссе (шығарма)
Эссе – бұл автордың өз пікірін білдіретін және оған дәлел келтіретін, фактілермен, дәлелдермен және дәйексөздермен дәлелденген құрылымдық мәтін. Эссе әртүрлі тақырыптарды талдау, талқылау және сынау үшін қолданылады.
Ғылыми мақала
Ғылыми мақала – ғылыми зерттеу нәтижелерін арнайы журналдарда жариялау үшін қолданылатын академиялық жазу пішімі. Ол әдетте кіріспеден, әдістемеден, нәтижелерден және талқылаудан тұрады.
Реферат
Реферат – зерттеудің негізгі идеясының, мазмұнының немесе әдістемесінің қысқаша мазмұны. Аннотация ақпаратты қысқаша көрсету және әдебиеттерге шолу жасау үшін қолданылады.
Курстық жұмыс
Курстық жұмыс – студенттер курсты аяқтағаннан кейін орындайтын академиялық жоба. Ол әдетте белгілі бір тақырыпты зерттеу мен талдауды, сондай-ақ қорытындылар мен ұсыныстарды қамтиды.
Диссертация және дипломдық жұмыс
Диссертация және дипломдық жұмыс - бұл білім берудің жоғары деңгейінде жазылған үлкен ғылыми жұмыстар. Диссертациялар мен дипломдық жұмыстар әдетте тақырыпты ерекше зерттеу мен терең талдауды қажет етеді.
Зертханалық есеп
Биография және автобиография
Бизнес-жоспар
Өтініш
т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет