ТАҒЫ БІР РЕТ КӨҢІЛ АУДАРУДЫ СҰРАЙМЫЗ, барлық медициналық дәрілік құралдар және тұрмыстық химия
құралдары, соның ішінде, кеңінен танымал кір жуу ұнтақтары,
жуғыш заттар және косметикалық құралдар биік орналасқан
жабық шкафтарда сақталуы тиіс. Ересектердің есіне саламыз,
үстел үстінде байқаусыз қалдырылған арақ және темекі сияқты
«қарапайым» заттар тіпті аз мөлшерде болса да, баланың ауыр
улануының себебіне айналуы мүмкін.
Бала жүріп үйренгенде жиі құлайды. Құлау кезінде
алуы мүмкін бас жарақаттарының салдары ауыр
болуы ықтимал. Біз ата-аналарға балаларына үш
білікше түрінде: біреуі басты айналдыра және екеуі
айқыштап тігілген қорғаушы дулыға-тақия жасап
беруді ұсынамыз. Оны ішіне полиэтилен салып,
мата жолақтарынан жасау оңай. Баспалдақ, жертөле,
қылтима, терезелер сияқты орындар қоршалып,
кішкентай бала үшін қолжетімсіз болуы тиіс.
45