ЖЫЛАУ – ӨЗІНДІК БАЛА ТІЛІ, БАЛАМЕН
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС КӨБІНЕСЕ ЕРЕСЕК АДАМ
ОНЫҢ ЖЫЛАУЫН ҚАЛАЙ ТҮСІНЕТІНІНЕ
БАЙЛАНЫСТЫ БОЛАДЫ.
Б
ір жастан бастап, бала өз қажеттіліктерін тек жылаумен
ғана емес, сөздермен де
білдіреді, десе де, жылау - сезім
білдірудің басты құралы, сонымен қатар, айналадағылар-
мен байланыстың маңызды түрі болып қала береді.
Баланың жылауы ата-анасына оның ашыққанын, шар-
шағанын, қандай да бір
қолайсыздыққа тап болғанын
немесе іші ауырып тұрғанын білуге мүмкіндік береді.
Сондықтан, осы көмек беру туралы өтініштерге құлақ
асып, оларды дұрыс түсіне білу қажет.
Ашығу.
Бұл - нәрестелердің
жылауының ең көп
таралған себебі, бұл
жағдайда
оларды жұбату
мүлде қиын емес. Арнайы
зерттеулер көрсеткендей,
бала ашықса, оның ай-
ғайын тек тамақ, яғни, сүт
баса алады. Балаға қант/
бал қосылған су, жеміс
шырынын
немесе емізік
беруге болады, ол бірнеше
секундқа жылағанын
қояды, бірақ кейін қайта
айғайға басады.
Ауыру.
Ауыру сезімі
баланы
туа сала айғайлатады,
алайда, кейде бала бір
жері
ауырғаннан немесе
басқа себеппен жылап
жатқанын түсіну қиын.
Мысалы, баланы қолға
алғанда, ол дереу
жылауын қойып, артық
ауаны
кекіріп немесе
«желмен» шығарып
тастауы мүмкін. Баланың
жанына батқан ішегіне
толған
ауа деп санауға
бола ма? Ауа баланы
қолға көтергенде ғана
шықты ғой.
48
Достарыңызбен бөлісу: