Физикалық жанасудың жоқтығы.
Кейбір балалар ересектер оларды қолына алмайын-
ша айғайлап жылай береді. Сәбидің мұндай мінезін
басқалар көбінесе дұрыс түсіне бермейді. Ата-ана
баланың өзін қолға алуын талап етпеуі тиіс, ал егер
олар «берілсе» - бұл бала мінез-құлқындағы көптеген
қиындықтардың (қыңырлық, есіріктік) бастамасы болады
деп санайды.
Жүйке жүйесіне шамадан тыс күш түсуі. Кейде бала іші-
не толған жүйке күйзелісі, жаңбыр нөсерлеп жауатын-
дай, толығымен сыртқа шығуы қажет болғанда жылайды.
Тым қарқынды тітіркендіргіштер: күтпеген немесе тым
қатты дыбыстар, оқыстан жанған, көз шағылыстыратын
жарық, ащы немесе қышқыл дәм, суық қолмен ұстау,
жоғары қарай лақтыру және қатты қысу – осының бар-
лығы сәбиге қатты әсер етіп, жылауына себепші болуы
мүмкін. Жылау барысында бойы жеңілдеу көңіл-күйдің
біршама көтерілуіне септеседі.
Ересек адамға баланың эмоционалдық және физикалық
жағдайына көңіл бөлгені жөн: бала ұйқысы келмегенде
сізбен қуана-қуана ойнайды, өміріне дән риза, қарны
тоқ, бірақ, егер бала ұйқысы келіп тұрса, ашуланып не-
месе ашығып тұрса, ойын оны қатты жылатуы да мүмкін.
Шаршаған немесе бір жері ауырып тұрған баланы ер-
келету керек, құшақтау керек, тербету
керек – баламен ойнаудың қажеті
жоқ! Аш баланы тамақтандыру керек.
49
Достарыңызбен бөлісу: |