Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!



Pdf көрінісі
бет65/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

БАЛА НЕГЕ
ЖЫЛАЙДЫ
7


АТА-АНАЛАРҒА ЖӘНЕ ТӘРБИЕШІЛЕРГЕ 
КЕҢЕСТЕР 
1. 
Жылап тұрған бала, аффект (күйзеліс) күйін бастан 
кешіретіндіктен, ескертулерді, бұйрықтарды нашар түсі-
неді, сондықтан, жылап тұрғанда оны тәрбиелеу тиімсіз.
2. 
Жылап тұрған баланы жазалауға болмайды, себебі, ол 
жазалау себебін тез ұмытып кетуі мүмкін, әрі жылаудың 
өзі жазалауға ұқсас күй.
3. 
Емшектегі баланы түнде жылайтыны үшін немесе киіндір-
генде бір орында тұрмайтыны үшін жазалауға болмай-
ды, сәби өз «кінәсін» түсіне алмайды немесе өзі мен 
қолданылған жазалау шарасы арасында байланыс орната 
алмайды.
4. 
Баланың жылауын бірден тыюға асықпаған жөн, балаңыз- 
ға бірер орынды уақыт жылауына мүмкіндік беруге 
қорықпаңыз (бұл тіпті өкпе үшін пайдалы деп саналады), 
бірақ, ол жылап жатқанда дауыс ырғағына назар аударып
кездейсоқ қыңырлық пен шынайы жабырқау арасындағы 
айырмашылықты ажырата білу керек. Бұл ретте, баланың 
төсегіне бармас бұрын, есіктің тұсында бес минуттай 
кідіре тұрыңыз, балаға байсалды, жылы сөздер айтыңыз, 
жылауын тоқтатқанын күтіңіз.
5. 
Егер баланың жылауына мүлдем көңіл бөлмесе, ересек-
тердің ықыластылығына деген сенімге орны толмас залал 
келтіріп алуға болады, жылау мәселесін байыпты шешу 
қажет, ал оның шешімі – тек сенім және жаза қолданбау 
кепілдігі.
Ересектерге күрделі психологиялық құрылымды құрайтын, 
сезім білдіру тәсілі болып табылатын жылау тілін – оның әртүр-
лі мағынасын түсініп үйрену қажет:
Жылауықтық немесе қыңқылдау да назар аударуды қажет 
ететін жайт, себебі, бұл – ішкі қанағаттанбаушылықтың, мазасыз- 
дықтың және айналадағылармен өзара қарым-қатынастардың 
қандай да бір тұстарына көңілі толмаушылықтың белгісі. Кейде 
жылауықтық – қандай да бір созылмалы сырқат белгісі. Бірқатар 
жағдайларда қыңқылдау ауа-райының өзгеруіне, өзін-өзі нашар 
сезінуіне және психологиялық себептерге қатыссыз ішкі көңіл-
күй ауытқушылықтарына қатысты болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет