Әрине, егер тіпті екі ересек болып, бір-біріңізді алмастыр-
саңыздар да, сіз баланы сағаттап көтеріп жүре алмайсыз.
Бірақ оны жылы жаялыққа орап қоюға болады, сонда сіз оны
құшақтағанда туатын жылу пен қауіпсіздік сезімі пайда болады.
Жылау – эмоционалдық сезімталдық көрсеткіштерінің бірі,
оның көрінісінің сипаты бала мінезінің ерекшеліктеріне ғана
емес, сондай-ақ, тәрбиелеу әдістеріне де байланысты.
Ата-ана тарапынан бәріне рұқсат беріп, шамадан тыс бағып-
қағу балалардың тым қырсық болуына түрткі болады, оның бір
көрінісі – кейде есіріктікке ұласып кететін жылау. Бала шиқ
етсе немесе күрсінсе болды, бірден бас салып көтеріп алатын
ата-аналар баласын күйгелек және талапшыл етуі әбден мүмкін.
Осылайша, дені сау бала үнемі дауыс желбезектерінің күшімен-
ақ, тәулігіне жиырма төрт сағат бойы үйдегілердің барлығын
әуре-сарсаңға салып қоя алады.
Шын мәнінде бала қолға алуын талап етіп емес, өзін
төсекке жатқызып, ата-анасымен физикалық байла-
ныстан айырылғаны үшін жылайды, ал жаңа туылған
нәресте үшін табиғи қажеттілік – ата-анасының жылуын
түйсігімен сезіну қажеттілігі. Көптеген елдерде нәрес-
телерді күні бойы көтеріп жүреді. Анасын босату үшін
баланы әжелері немесе ересек балалар көтереді,
бірақ тұрмыстағы шаруалардың көпшілігін ана бала-
сын арқасына салып жүріп жасайды. Баланы көтеріп,
құшақтасаңыз, ол жылауын тоқтатады. Бірақ, егер бала
физикалық жанасуға қарамастан, әлі жылам-
сырап тұрса, оны бөлменің ішінде ары-
бері көтеріп жүріңіз: ақырын тербету
бірте-бірте оны жұбатып, тыныштық
орнатады.
50
Достарыңызбен бөлісу: