ҰЙҚЫ БҰЗЫЛУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР: психозақымдаушы факторы: кешкі уақытта отбасын-
да туған жанжалдар, баланың кенеттен шошынып қа-
луы, жалғыз қалуға қорқуы, жалғыздық (тастандылық)
қорқынышы, бала мен ана арасындағы эмоционал-
дық ынтықтың бұзылуы;
бала мінезіндегі тұқым қуалайтын ерекшеліктер,
яғни, ұйықтау, ояну, ұйқы тереңдігі және ұзақтығы
үдерістерінің дербес қалыптасқан заңдылықтары;
жасы: бала неғұрлым кішкентай болған сайын, ұйқы
бұзылуы да жиі болып тұрады;
созылмалы соматикалық сырқаттар;
баланың дамуы барысында (анамнез) жүктілік және
босану кезіндегі ауытқушылықтар, яғни, босанған
кездегі және одан кейінгі орталық жүйке жүйесінің
зақымдануы.