Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


БАЛАЛАРДЫҢ ҰЙҚЫСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ



Pdf көрінісі
бет75/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

БАЛАЛАРДЫҢ
ҰЙҚЫСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
8


Тысқары тітіркендіргіштер 
Кейде баланың түнде жиі оянуына тысқары тітіркен-
діргіштер себеп болуы мүмкін: кейбір түнгі дыбыстар, 
көшедегі қозғалыс, төмен биіктікте ұшып бара жатқан 
ұшақ, пәтер ішіндегі аяқ дыбыстары, әңгіме және т.б.
Көмек қажет екеніне сенімді болмасаңыз, ұйықтап 
жатқан балаға қонақтардың кіруіне рұқсат бермеңіз, 
өзіңіз де кірмеңіз. Ара-тұра кіріп, тексеріп, өз-өзіңізді 
тыныштандыру үшін бала ұйықтап жатқан бөлменің 
есігін жартылай ашық қалдырыңыз.
Ішкі тітіркендіргіштер
Бала көбінесе түнде жылайды, себебі, оны түнгі 
қорқыныштары мазалайды. Бірақ жанына барсаңыз, ол 
тез тыныштанады.
Мұндай мінез тым еркелетіп жіберуден қорқып, 
ата-анасы аймалап-мәпелемейтін, қолға 
алмайтын балаларға тән. Сіздің назарыңызды 
аударатын айғайымен, жылауымен бала көңіл 
бөлу жетіспеушілігінің орнын толтырады, сіздің 
махаббатыңыз үшін «күреседі».
Егер балақай түнде оянып кетіп, жыласа немесе сізді 
шақырса, кідірудің қажеті жоқ – бірден баланың 
жанына барған дұрыс.
Балақайға арнап аз да болса жағдай жасаңыз: 
жөргегінен шығарыңыз, ішетін сусын беріңіз. Оған 
жарық қосылған бөлмеде, ойыншықтарының жанында 
оянған ұнамдырақ болады.
Үлкенірек балаларыңыз болса, олар кейде балақайға 
серік бола алады. Ертеңгілік ойындар – отбасындағы 
балалар арасындағы берік, әрі мызғымас махаббат 
кепілі.
Балаға таңертең және түстен кейін 
демалу қажет. Бірақ, егер ол 
ұйықтамай, ойынға кірісіп кетсе, 
қамықпаңыз. Ол бәрібір 
демалады. 
58


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет