Ырғақты қимыл-қозғалыс
«Жоралғы» - бұл балада сіздің көмегіңізбен пайда
болатын тыныштандыратын әдеттер іспеттес. «Жоралғы»
белгілі бір кезекпен жасалатын әрекеттерден тұрады.
Егер сіз ұйықтар алдындағы жоралғыны өзіңіз таңдап,
ол балаңызға ұнаса, ол күнделікті осы жоралғының бү-
ге-шегесіне дейін орындалуын талап ететін болады.
Егер не істесеңіз де, балаңыз жатқысы келмесе немесе
шыңғырып жыласа, амалы жалғыз: ешқашан оны жалғыз
жылатып қалдырмаңыз, бірақ ешқашан қолыңызға да
алмаңыз.
Ұйықтар алдындағы уақыт тыныш, жайбарақат болуы
тиіс. Кешкілік уақыт – баланы тәртіпке үйрететін уақыт
емес.
Достарыңызбен бөлісу: