3. ҚОЛ САУСАҚТАРЫ.
Кейбір балалар саусақ соруды
ана құрсағында бастап, дүниеге
келген алғашқы күннен бастап-
ақ, тынышталу үшін саусақтарын
сорады. Егер бала көп жыласа,
ешбір тыныштандыру тәсілдері
көмектеспесе, сізге баланың тек
саусағын аузына салып қана
тынышталатынына көнуге тура
келеді.
4. ҚОСЫМША ЖЫЛУ.
Егер бала жылап, сіз оның себебін түсіне алмасаңыз,
оны тыныштандыру және босаңсыту үшін жылытуға
тырысып көріңіз.
5. ІШТІҢ БҮРІП АУРУЫ (ШАНШУ).
Ұзақ уақыт бойы жылаудың басты себептерінің бірі
– шаншу. Әдетте, баланың «іші ауырып» тұр дейміз.
Ал, шын мәнінде, бүруге қарағанда шаншудың сипаты
әлдеқайда бөлек, әрі, бақытымызға орай, сирек кезде-
седі. Шынайы шаншуды кейде «кешкілік шаншу» деп
атайды. Бұл – шындық. Баланың іші шаншып тұрғанын
анықтау үшін хал-жағдайына талдау жасаңыз.
Егер бала кешкі тамақтанудан (сағ. 18.00-ден бастап)
кейін тыныштала алмаса, іші шаншуы мүмкін, немесе
ол тамақтандырудан кейін бірден айғайлай жөнеледі,
немесе ұйқыға кетеді, бірақ біраздан кейін айғайлап
оянады. Бұл уақыттағы айғайлау кез-келген басқа
уақыттағы айғайдан өзгеше. Бала жан ұшыра, аласұра
айғайлайды, тізесін ішіне қарай тартады, сол жері
ауырып тұрғандай көрінеді. Қолданылған тәсілдер тек
бірер минутқа қана көмектеседі, ал бала ұзақ және
үздіксіз жылай береді. Мысалы, сіз баланы көтердіңіз,
ол айғайлауын тоқтатты, бірақ сол мезетте-ақ қайта
бастады.
53
Достарыңызбен бөлісу: |