Әлемдік экономика



Дата06.01.2022
өлшемі22,94 Kb.
#109751
Байланысты:
әлемдік пр3


Бекмагамбетов Арман ГИК-81

Практикалық жұмыс 3

Тапсырмалар:



1."Әлемдік экономика"терминінің анықтамасы.

Әлемдік экономика- бұл халықаралық еңбек бөлінісі және халықаралық экономикалық қатынастар жүйесімен өзара байланысты, әлеуметтік еңбек бөлінісі нәтижесінде тарихи дамыған экономиканың жеке салаларының жиынтығы.



2. "ҒТР"терминінің анықтамасы.

Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) деп атаған құбылыс ғылымды қоғамдық өндірістің жетекші даму факторына айналдыру негізінде өндіргіштік күштердің түбегейлі, сапалы қайта құру болып табылады. Ол адамзат тарихында ғылым мен техника пайда болғаннан бері өндіргіш күштерді ұдайы жетілдіруге себепші болған ғылыми-техникалық революция дегеніміз- белгілі бір уақыт аралығында дамудың жаңа сатысына көтерілуге себепші болған сапалық өзгерістердің жедел қарқынмен жүруі. 

3. Тән сипаттар

ҒТР-дің басты белгілері мыналар:



  • әмбебаптық,ауқымдылық;

  • ғылыми-техникалық өзгерістердің жеделденуі;

  • өндірістің ғылымды көп қажет ететін салаларының қарқынды өсуі;

  • әскери-техникалық революция.

Ғылым мен білім адамзат өркениетті тарихында қоғамның алға басуы үшін қызмет етумен келеді. Қазіргі заманғы ғылым өндіріс пен қызмет көрсету салаларына күрделі техника мен технологияларды енгізу арқылы оларды Ғылымды көп қажет ететін мүлде жаңа салалардың дамуына негіз болуда. ҒТР-дің әмбебаптығы мен ауқымдылығы дүниежүзінің барлық елдері мен географиялық қабықтың кез-келген бөлігін қамтуымен және адамзаттың ғарыш кеңістігін игеруімен түсіндіріледі

4. Құрамдас бөліктері

Қазіргі ҒТР күрделі жүйе және ол өзара әрекет етуші төрт бөліктен тұрады:



  • Ғылым.

  • Техника мен технология.

  • Өндіріс.

  • Басқару.

Ғылым ҒТР-дің негізі болып табылады. Іргелі ғылымдардың дамуынсыз алға басу мүмкін емес. Ғылымның дамуы ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығынның ұлғаюымен, экономиканың дамуынмен байланысты. Сондықтан барлық дамыған елдер ғылымның өркендеуін белсенді түрде қолдап отыр.
Техника мен технология ҒТР-дің екінші құрамдас бөлігі болып табылады. Олар өндірістің тиімділігін арттырады. Техника мен технология екі жолмен дамуда: эволюциялық және революциялық.

Өндіріс ҒТР-дің үшінші құрамдас бөлігі болып саналады.

ҒТР-де өндіріс мынадай басты бағыттар бойынша дамыды: Электрлендіру, бұл дегеніміз - адамзат қызметінің барлық салаларын электрондық-есептеу техникаларымен қамту. Электрлендіру білім беруге, денсаулық сақтауға және адамның күнделікті өміріне қарқынды енуде. Ең үлкен ЭЕМ паркіне ие елдер: АҚШ, ГФР, Жапония, Оңтүстік Корея.
ҒТР төртінші құрамдас бөлігі - басқару.

Басқаруда әлемдік жоғары ақпараттық кеңістік жұмыс жасайды. Интернеттің рөлі үлкен. Бұл бағыт географияда геоинформатика деп аталады. Геоинформатиканың дамуы геоақпараттық жүйелердің құрылуына алып келеді.



5. "Әлемдік экономика", "жүйе"түсінігі.

Экономикалық жүйе – экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы.

6. Әлемдік экономика + және -.

Сонымен, жаһанданудың жағымды және жағымсыз жақтары бар, олар әлемдік экономиканың, соның ішінде сыртқы сауданың түрлі салаларының болашақтағы дамуын талдау мен анықтауда ескерілуі керек.



Жаһанданудың жағымды жақтары:

• жылдам технологиялық өсу;

• тұтынылатын өнімнің санын көбейту және сапасын жақсарту;

• жаңа жұмыс орындарының пайда болуы;

• ақпаратқа ақысыз қол жетімділік;

• өмір сүру деңгейін жақсарту және арттыру;

• әртүрлі мәдениеттер арасындағы түсінушілікті жақсарту.

Жаһанданудың жағымсыз жақтары:

• көптеген елдердегі экономикалық дамудың тұрақсыздығы;

• елдер арасындағы әлеуметтік-экономикалық дамудағы алшақтықтың ұлғаюы;

• қоғамның стратификациясы;

• ТҰК ықпалының өсуі;

көші-қон ауқымының өсуі;

• жаһандық проблемалардың шиеленісуі;

• бұқаралық мәдениетті енгізу; елдің бірегейлігін жоғалту.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет