109
1)
қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау;
2)
тілді оқытуды белгілі бір пәндік дағдыларға емес, білім алушының
тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау;
3)
тілдік білім мен біліктерді ХХІ ғасыр адамының бойында сӛйлеу
мәдениетін, ойлау мәдениетін және адамгершілік мәдениетті қатар дамытуға,
қарым-қатынас мәдениетін бейімдеп, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру;
4)
тілді ұлт болашағының мәдени иммунитетін қалыптастырудың тетігі
ретінде оқыту. Тілге деген жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелеуге жаңа
прагматикалық кӛзқарас тұрғысынан келу, тілді оқытудың құндылықтық
бағдарын сабақ барысында күшейту.
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы функционалдық-коммуникативтік
бағытқа негізделіп құрастырылды. Ол оқушылардың тіл туралы түсініктерін
тереңдетіп, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы
түсініктерін кеңейтеді.
Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу
бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының
(
https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу
бағдарламалары/
сайтынан алуға болады. Негізгі орта білім беру деңгейінің
жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары).
Достарыңызбен бөлісу: