Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ҧйымдарында


Оқу мақсаттарымен жҧмыс жҥргізу жолдары



Pdf көрінісі
бет119/325
Дата06.02.2022
өлшемі4,42 Mb.
#81968
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   325
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылына

Оқу мақсаттарымен жҧмыс жҥргізу жолдары: 
- оқу жоспарында кӛрсетілген оқыту мақсаттары оқушыларды, тыңдалым 
және айтылым, оқылым, жазылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік 
дағдыларын сенімді қалыптастыруға, сол негізде сыныпты аяқтағанда күтілетін 
нәтижеге қол жеткізуге бағытталған; 
 
- мұғалім сабақ жоспарын құруда лексикалық тақырыпты басшылыққа 
ала отырып, сынып деңгейіне, тақырып қажеттілігіне қарай бір академиялық 
сағатта бір немесе екі коммуникативтік әрекетті негіз етіп алады, ал басқа 
коммуникативтік әрекеттер жанама түрде қолданыла береді. (Мысалы, 
тыңдалым/ айтылым, оқылым/ жазылым); 
 
- әрбір әрекет бірнеше оқу мақсаттары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. 
Сабақ жоспарын құру барысында коммуникативтік әрекеттің барлық түрін бір 
деңгейде қатар алмаған дұрыс. Олардың бірі не екеуі негізгі болса, қалған екеуі 
жанама түрде дамытыла береді. Мұғалім орта мерзімді жоспарда ұсынылған 
лексикалық тақырыпқа бӛлінген оқу мақсаттарының орын тәртібін сабақ түрі 
мен әдістерінің қажеттілігіне қарай ӛзгерте алады. 
 
Бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, 
сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді.
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасында оқушылардың жас 
ерекшеліктеріне сай қызықты болатын, ӛмірмен байланысты лексикалық 
тақырыптар ұсынылды. Мысалы, 
«Ғарышты игеру», «Қызыл кітапқа енген 
жануарлар», «Энергия ресурстары» , «Туризм. Экотуризм», «Театр», «Заң»
бӛлімдеріне қатысты лексикалық тақырыптар оқушының белсенді сӛздік қорын 
байытуға, алған білімін күнделікті ӛмірде қолдана алуға, ӛз ойын ашық, еркін 
жеткізе білуге мүмкіндік береді. 
Бағдарламада әртүрлі оқыту сатыларында ӛмірлік маңызды міндеттерді 
шешу үшін қажетті дағды мен қабілеттерді бірізді және кезеңдік дамыту 
жүреді.
Ақпаратты талдау, жалпылау, жіктеу, сондай-ақ әртүрлі жанрда және 
стильдерде мәтіндер жазу, жеке, іскерлік хат жазысуды жүргізу, түйіндеме, 
мақала, аннотация, тезис құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу 
дағдылары мен қабілеттерін жетілдіру тілді оқуды ынталандыруға септігін 
тигізеді. 
Бағдарлама мазмұнына түрлі санаттағы мәтіндермен жұмыс істеу түрлері 
енгізілді. Мысалы, оқылымның 
«Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану»
оқу 
мақсатын жүзеге асыру үшін 5-сынып оқушылары ауызекі сӛйлеу және жазба 
стильдегі мәтіндердің айырмашылықтарын таныса, одан жоғары сыныптарда 
әртүрлі стильдегі мәтіндердің тілдік құралдарын анықтайды. Оқу мақсаттарын 
жүйелі түрде жүзеге асырудың нәтижесінде оқушылардың мәтінді талдау 
дағдысы қалыптасады. Білім алушы табиғат пен қоршаған ортаны тануда, 


112 
күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесіп қалатын табиғи құбылыстардың сырын 
ашуда, ой бӛлісуде, пікір алмасуда тілді құрал ретінде пайдаланып, 
грамматикалық заңдылықтар мен формаларды дұрыс қолдана білуге үйренеді. 
Білім алушылар грамматиканы дәстүрлі «жаттанды» әдіспен емес, ӛмірмен 
байланысты мәнмәтінде меңгереді. Ол оқу бағдарламасында сӛйлеу әрекеті 
түрлері бӛлімінен бӛлек «Әдеби тіл нормалары» бӛлімінде кӛрініс табады. 
Грамматика бӛлек қарастырылмай, лексикалық тақырыптар аясында 
әдеби тілдік норма арқылы функционалдық-коммуникативтік мәнмәтінде 
оқытуға бағытталған. Грамматикалық бірліктердің мәтінді құруға қатысуда 
қандай функционалдық мағыналық қызмет атқарғанын таныту міндеті 
жүктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет