117
-
шығарма үзінділерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
«Анализ және интерпретация» бойынша:
-
әдеби шығарманың композициясын, композициялық амал-тәсілдерді
талдау;
-
шығармадағы автор бейнесін анықтау, оның рӛлін талдау;
- кӛркем шығарманың тілін, кӛркемдегіш құралдардың қолданысын
талдау;
- кӛркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, шығармашылық жұмыс
жазу.
«Бағалау және салыстыру» бойынша:
-
шығарманың тарихи және кӛркемдік құндылығына баға беру;
-
әдеби шығармаларды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына
баға беру;
- шығарманың құндылығын талдап, әдеби эссе жазу;
- әдеби шығармаларды талдап, салыстыра отырып, сыни шолу және сыни
мақала жазу дағдыларын дамыту.
Қазақ әдебиеті туындылары жасӛспірімдердің рухани қажеттіліктері мен
даму мүмкіндіктеріне сәйкестендіріле, қазақша ойлау және сӛйлеу, жазу,
тыңдағанын түсіну, монолог, диалог, пікірталас жасау дағдыларын
қалыптастырып, талдап, тану негізіне сәйкес құрылған.
Үлгілік бағдарламада кӛркем шығарма санының аз болуы ұлттық
құндылықтарымыздың оқушы бойына сіңірілуіне еш кедергі келтірмейтінін,
ғылыми таным мен түсінік, салт-дәстүр мен ұлттық сана әдеби туындыларды
талдап, зерделеп және бағалап, зерттей оқу арқылы ғана кӛңілге тоқылатынын
ескеру керек.
Қазақ әдебиетінің әр кезеңінде жазылып, ӛзінің кӛркем құндылығын
жоғалтпай келе жатқан туындылармен танысу арқылы оқушы әдеби талдау,
сыни ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылдық ізденіске қадам басады.
Оқу мақсаттары белгілі бір тарау бойынша ұзақ мерзімді жоспарда кӛрсетілген
тізімге сай жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: