114
продуктивті дағдыға шығып отыруы қажет. Яғни оқушы тыңдаған не оқыған
материал негізінде ауызша/жазбаша тапсырмалар орындауы қажет;
7)
тыңдалым және оқылым дағдыларын қалыптастыру барысында мәтін
кезеңдерін (мәтіналды кезең, мәтінмен жұмыс кезеңі, мәтінсоңы кезеңі) қатаң
сақтау қажет;
8)
жазылым және айтылым дағдыларын қалыптастыру барысында
оқушыларға тақырып бойынша үлгі мәтіндер берілуі керек;
9)
айтылым (диалог, монолог, полемика), жазылым (хат, хабарлама,
мақала, т.б.);
10)
грамматика
коммуникативтік
контексте
оқытылады,
яғни
грамматика теориясынан гӛрі оның функционалдығына, оқушылардың тілдік
бірліктерді ауызша және жазбаша түрде орынды қолдана білуіне аса мән
беріледі;
11)
лексикалық тақырыптар бойынша материал таңдау барысында қазақ
тілі пәні мұғалімінің басты міндеті оқушының сол тақырып бойынша тілдік
қорын байыту, тақырып бойынша ақпараттар бере отырып, шынайы ӛмірмен
байланыс орнату, пәнаралық байланысты жүзеге асыру барысында
оқушылардың академиялық сӛздерді орынды қолдана білуіне ықпал ету.
Сабақ жоспарын құрастыру барысында оқушылардың деңгейі мен
қажеттілігіне сай әдеби тіл нормаларын қалыптастыруға назар аударған дұрыс.
Тілдік
бірліктер
мен
құрылымдарды,
яғни
грамматиканы
оқыту
коммуникативтік контекст негізінде жүзеге асырылуы керек. Яғни мұғалім тіл
туралы білім қалыптастырудан гӛрі тілдік қолданыс, грамматиканың
функционалдығына назар аударуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: