Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ҧйымдарында


Арнайы мектептерде/сыныптарда оқушыларды оқыту дамудың



Pdf көрінісі
бет199/325
Дата06.02.2022
өлшемі4,42 Mb.
#81968
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   325
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылына

Арнайы мектептерде/сыныптарда оқушыларды оқыту дамудың 
бҧзылу тҥрлері бойынша ҧйымдастырылады:

есту қабілетінің бұзылымдары бар балаларға арналған; 

кӛру қабілетінің бұзылымдары бар балаларға арналған; 

ауыр тілдік бұзылымдары бар балаларға арналған; 


196 

тірек-қозғалыс аппаратының бұзылымдары бар балаларға арналған; 

психикалық дамуының тежелісі бар балаларға (бұдан әрі – ПДТ) 
арналған; 

зияттық бұзылымдары (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі) бар 
балаларға арналған. 
Арнайы мектептердегі/сыныптардағы бастапқы деңгейде оқу-тәрбиелеу 
процесі келесідей нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі:
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2018 
жылғы 30 қазандағы № 595 «Тиісті түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің 
үлгілік ережесін бекіту туралы» бұйрығы; 
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің
2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 «Арнайы білім беру ұйымдарының түрлері 
қызметінің Үлгілік ережесін бекіту туралы» бұйрығы;
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің
2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 «Қазақстан Республикасының бастауыш, 
негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 
бұйрығы;
- Ерекше білім беру қажеттігі бар оқушыларға арналған Үлгілік оқу 
бағдарламалары (ҚР БҒМ 05.02.2020 ж. № 51 бұйрығы).
Арнайы мектептерде/сыныптарда негізгі орта деңгейде оқыту ұзақтығы 
оқушылардың танымдық ерекшеліктерін, оқытудың баяулатылған қарқынын, 
жалпы білім беру пәндеріне оқу бағдарламаларының мазмұнын толыққанды 
игеруге ықпал ететін пропедевтикалық және толықтыру-дамыту бӛлімдерін 
енгізу қажеттігін ескере отырып, 10 сынып есебінен 1 сағатқа ұзартылған. Оқу 
жылының 5-10 сыныптардағы ұзақтығы 34 оқу аптасы. Оқу күнінің тәртібі 
оқушылардың жоғары шаршағыштығы ескеріліп белгіленеді: бірінші ауысымда 
оқыту және үзілістерде демалуға уақыттың жеткілікті болуы. Есту, кӛру 
қабілетінің, тірек-қозғалыс аппаратының, ауыр тілдік бұзылымдары бар, 
психикалық дамуының тежелісі бар оқушыларға арналған Үлгілік оқу 
жоспарларының инварианттық бӛлігінің жалпы білім беру пәндерінің тізбесі 
және олардың негізгі мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандартының (бұдан әрі - МЖБС) талаптарына сәйкес келеді (ҚО БҒМ 
31.10.2018 ж. № 604 бұйрығы). Оқыту оқушылардың психикалық-дене 
ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктері ескеріліп, бастауыш орта білімнің 
оқу бағдарламасының негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламасы 
(бағдарламалар Академияның –www.nao.kz сайтында орналасқан) ретінде де 
жалпы білім берудің оқу бағдарламасы ретінде де пайдаланумен іске 
асырылады. Екінші (қазақ немесе орыс) және үшінші (ағылшын) тілдерін 
оқыту оқушылардың тілдік даму деңгейі ескеріліп іске асырылады, оқыту 
әдістерін бейімдеу және жетістіктерді бағалау қарастырылған. Оқу процесінде 
арнайы ОӘК, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерге арналған ОӘК 
пайдаланылады. Кӛрмейтін балаларды оқыту жалпыға білім беретін 
мектептерге арналған Брайль қарпімен, ал нашар кӛретіндер үшін 
ірілендірілген қаріппен басылған оқулықтар бойынша жүзеге асырылады.


197 
Зияттық бұзылымдары бар оқушыларға арналған Үлгілік оқу 
бағдарламалар бӛлімдерінің және оқу пәндерінің тізбесі, сондай-ақ оқу 
бағдарламалары мен оқулықтарының мазмұны МЖБС талаптарына 
бағдарланбаған. Оқу процесі жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар 
оқушыларға арналған Үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес арнайы оқулықтар 
мен оқыту әдістемесін пайдаланумен арнайы оқу бағдарламалары бойынша іске 
асырылады.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылар саны жеткілікті болғанда 
осы оқушылар үшін арнайы сыныптары бар екінші бӛлім ашылады. Орташа 
ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқыту орташа ақыл-ой кемістігі бар 
оқушыларға арналған Үлгілік оқу бағдарламаларынының негізінде жасалған 
Үлгілік оқу бағдарламаларына және жеке оқу бағдарламаларына сәйкес және 
сынып педагогы мен психологиялық-педагогикалық қолдау кӛрсету 
мамандарының оқушыны кешенді психологиялық-педагогикалық зерттеу 
негізінде іске асырылады. Жеке оқу бағдарламасы жарты жылға жасалады, 
оқытудың жеке бағдарламасы жүзеге асырылғаннан кейін әрбір оқушыны 
жетістігін талдау жүргізіледі және келесі жарты жылға жеке оқу бағдарламасы 
жасалады. Педагог әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін және білім беру және 
жеке жетістіктерге мониторинг жүргізу нәтижелерін ескере отырып, оқытудың 
мазмұнын, әдісін, нысанын, дидактикалық құралдарын дербес таңдайды.
Екінші бӛлімнің сыныптарында оқыту мазмұны мыналарды қалыптастыруға 
бағытталған: ӛзі туралы түсінік; ӛзіне қызмет кӛрсету және ӛмір сүруді 
қамтамасыз ету дағдылары; қоршаған орта туралы және ортада бағдарлану 
туралы қол жетімді ұсынымдар; коммуникативтік біліктер; пәндік-практикалық 
және қол жетімді еңбек қызметі; практикалық бағытталған және 
тәрбиеленушілердің психикалық-дене мүмкіндіктеріне сәйкес келетін жалпы 
білім беру пәндері бойынша қолжетімді білімдер.
Үлгілік оқу бағдарлама негізінде ұйым онда оқытылатын оқушылар 
құрамының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, әрбір сынып 
үшін Жұмыс оқу жоспарын жасайды. Оқушылардың ерекше білім беру 
қажеттіліктеріне сәйкес Үлгілік оқу бағдарлама оқу пәндері арасында (Үлгілік 
оқу бағдарламасының жалпы сағаттар саны шеңберінен шықпай) 
педагогикалық кеңестің шешімі бойынша сағаттарды қайта бӛлуге рұқсат 
етіледі. Білім беру ұйымы оқушылардың ата-аналарымен немесе оларды 
ауыстыратын тұлғалармен бірлесіп, оқытылатын пәндер тізбесін анықтайды, 
үйде жеке оқытудың Үлгілік оқу жоспарының бӛлінген сағаттарының шегінде 
сыныптар бойынша пәндер сағаттарын олардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес 
бӛледі.
Арнайы мектепте/сыныпта оқу-тәрбилеу процесі мектеп штатының 
психологиялық-педагогикалық қолдау кӛрсету мамандары (психолог, логопед, 
арнайы педагогтар: тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, сондай-ақ 
ЕДК нұсқаушысы, әлеуметтік педагог) жүргізген әрбір оқушының қажеттілігін 
психологиялық-педагогикалық бағалау мәліметтеріне негізделген, сарамалы 
және жеке тәсілдер қолданылады. Психологиялық-педагогикалық қолдау 
кӛрсету педагогтары мен мамандарының жұмысы мектеп директоры бекітетін 
жергілікті нормативті актілермен реттеледі. Арнайы мектеп/сынып оқушылары 


198 
психологиялық-педагогикалық 
қолдау 
кӛрсету 
мамандары 
жүргізетін 
фронталды, топ бӛлімдеріндегі және жеке сабақтарда оқушылар Үлгілік оқу 
жоспарының тиісті бӛлімінде қарастырылған сағаттар шеңберінде (түзету 
құрама бӛліктері) арнайы психологиялық-педагогикалық кӛмегін алады.
Психологиялық-педагогикалық қолдау кӛрсету мамандарының барлық арнайы 
мектептер мен арнайы сыныптар түрлерінде сабақ ӛткізулері міндетті болып 
табылады. Сабақтардың негізгі міндеттері: 
1) есту қабілетінің бұзылымдары (естімейтін, нашар еститін) бар балалар 
үшін: 
- жоғары психикалық функцияларды қалыптастыру, жалпы білім беру 
пәні бойынша білімді меңгеру базасы сияқты тұрмыстық ұғымды игеру үшін 
тілді меңгеру;
- электр акустикалық аппаратурасын пайдаланып, естіп қабылдауды 
қарқынды дамыту жағдайында қозғалыс пен тілді дамыту; 
- оқушының коммуникативтік қызметін қамтамасыз ету, сӛйлесу-
күнделікті сӛздік қорын дамыту.
- ауызша тілді қалыптастыру және сӛйлеу естілімін дамыту; 
- есту арқылы қабылдауды, айтуды, еріннен оқуды оқушылардың ауызша 
тліін қалыптастырудың және жетілдірудің есту-кӛру негізі ретінде дамыту. 
Республика мектептерінде естімейтіндерді оқыту процесі есту-кӛру 
негізінде іске асырылады, ымдау тілі оқыту процесінде бағдарламалық 
материалды аса терең түсіну үшін кӛмекші құрал ретінде пайдаланылады; 
2) кӛру қабілетінің бұзылымдары (кӛрмейтін, нашар кӛретін) бар 
оқушылар үшін: 
- кӛздің қалдық кӛруін және кӛру арқылы қабылдауды дамыту;
- әлеуметтік-тұрмыстық бағдар (ӘТБ); 
- кеңістікте бағдарлау;
-бет қимылы мен пантомимиканы дамыту;
-тіл дамуының және қозғалыс кемшіліктерін еңсеру; 
3) тірек-қозғалыс аппаратының бұзылымдары бар оқушылар үшін: 
- қозғалу саласын қалыптастыру және жетілдіру; 
- танымдық қызметті дамыту; 
- тіл дамуының кемшіліктерін еңсеру; 
4) ауыр тілдік бұзылымдары бар оқушылар үшін: 
- тіл дамуындағы ауытқуларды меңгеру; 
- моторлық, тілдік моторлық, тілдік ойлау қызметін дамыту; 
5) психикалық дамуының тежелісі бар оқушылар үшін: 
- білімін және қоршаған болмыс туралы түсінігін байыту, дамудың 
алдыңғы сатысындағы олқылықтың орнын толтыру; 
- жалпы қозғалыс пен қозғалысты үйлестіруді дамытудағы ауытқуларды 
еңсеру; 
- тіл дамуындағы кемшіліктерді еңсеру; 
- танымдық қызметін және эмоционалдық-жеке саланы дамыту; 
- оқу қызметін қалыптастыру; 
- оқу бағдарламаларын игерудегі олқылықтарды толтыру. 


199 
6) зияттық бұзылымдары (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі) бар 
оқушылар үшін: 
- қозғалу саласын (жалпы және ұсақ қозғалыс) жетілдіру; 
- эмоционалдық саланы, коммуникативтік дағдыларды, әлеуметтік 
қонымды мінез-құлық нормаларын дамыту; 
- танымдық қызметті дамыту; 
- оқу қызметін дамыту.
Түзеу циклының сабақтары топта, қосымша топтарда күннің бірінші және 
екінші жартысында жеке ӛткізіледі.
Түзеудің құрама бӛліктерінің пәндерін оқу жоспарының инварианттық
құрама бӛліктерінің пәндерімен ауыстыруға, сондай-ақ бұл сағаттар санын 
қысқартуға рұқсат етілмейді. Оқытудың толықтыру-дамыту бағыттанылуы 
жалпы білім беру циклының, түзеу пәндерінің шеңберінде, сондай-ақ қосымша 
білім беру жүйесінде жүзеге асырылады.
Еңбекке оқыту, жұмысшы кадрларының қажеттілігіне бағдарланған 
ӛңірлік, жергілікті жағдайларға қарай және тәрбиеленушілердің психикалық-
дене дамуының жеке ерекшеліктері, денсаулығы, мүмкіндіктері мен олардың 
және ата-аналарының немесе заңды тұлғаларының мүдделері ескеріле отырып, 
еңбек саласын таңдау негізінде ұйымдастырылады. Ерекше білім беруге 
қажеттілігі бар оқушыларды еңбекке оқыту Үлгілік оқу бағдарламасы бойынша
немесе оқушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріліп, мұғалімдер 
дайындаған және мектептің педагогикалық кеңесі бекіткен бағдарламалар 
бойынша жүргізіледі. Кәсіби-еңбекке оқыту сабақтары бойынша сыныптар 5-ші 
сыныптан бастап, ал ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған сыныптар 4-ші 
сыныптан бастап екі топқа бӛлінеді. Еңбек түрлері бойынша топтарды 
жинақтау оқушылардың психикалық-дене күйі және мүмкіндіктері ескеріліп, 
дәрігердің ұсынысы бойынша іске асырылады. Оқушыларды қатар және аралас 
сыныптардан қосымша топтарға біріктіру мүмкін болады. Ақыл-ой кемістігі 
бар оқушыларға арналған мектепте оқыту еңбекке оқыту бойынша емтихан 
тапсырумен аяқталады. Оқушылар белгіленген тәртіппен бітіру емтиханынан 
босатылуы мүмкін. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бойынша сабақтарды 
ӛткізу кезінде сынып екі топқа бӛлінеді.
Еңбекке оқыту саласы бойынша факультативтік сағаттар мен элективтік 
курстардың сағаттары, жалпы білім беру циклының пәндерін үйренуге, жаңа 
пәндерді, қосымша білім беру модульдерін, арнайы курстарды енгізуге және 
оқушыларды әлеуметтендіруге, даму кемшіліктерін еңсеруге, мектеп 
оқушыларының шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге ықпал ететін 
практикумдар, сабақтары үшін пайдаланылады.
Негізгі мектептің курсы ішінде жалпы білім беру бағдарламаларын 
табысты игерген оқушылар үшін жалпы орта білім және мамандық алу 
мақсатында әрі қарай кәсіби колледждерде, кешкі мектепте оқу мүмкін болады.
Есту, кӛру қабілетінің, тірек-қозғалыс аппаратының, ауыр тілдік 
бұзылымдары бар, психикалық дамуының тежелісі бар оқушыларға арналған 
арнайы мектепті бітірушілер алған білімінің деңгейін растайтын мемлекеттік 
үлгідегі аттестат алады. Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар мектеп 


200 
бітірушілер арнайы білім беру ұйымының осы түрі үшін белгіленген үлгідегі 
аттестат алады (ҚР БҒМ 2015 жылғы 28 қаңтардағы «Мемлекеттік үлгідегі 
білімі туралы құжаттар түрі мен нысанын және оларды беру Ережесін бекіту 
туралы» № 39 бұйрығы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет