* бӛлім бойынша жиынтық жұмыс үшін балл (БЖБ) - жинаған
баллдардың сомасы және оқу жетістіктерінің тиісті деңгейі;
* оқу кезеңіндегі жиынтық жұмыс үшін балл (ТЖБ) – спецификацияға
сәйкес жиналған балдардың сомасы;
* жылдық баға-шкалаға сәйкес барлық оқу кезеңдерінде жинаған
баллдардың максималды мүмкін болатын балға пайыздық қатынасы қойылады.
Пайыздарды шығару үшін балдарды енгізгенде браузер бетін жаңарту
қажет: бетте «Ctrl+F5» пернелер комбинациясын басу.
Егер балды түзету немесе жою қажет болса, онда курсорды қажетті балға
қойып, түзету немесе жою керек, содан кейін пернетақтада «Enter» пернесін
басу керек. Егер қате бӛлім толтырылмаса, онда алдымен балдарды алып тастау
керек, содан кейін ең жоғары баллды жоюға болады.
Жиынтық бағалауды қою үшін ең алдымен «Макс.балл» қою, содан кейін
БЖБ мен ТЖБ қою қажет.