37
10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
1 қазандағы № 525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында
ӛлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері.
11) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020
жылғы 12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген 2020-2025
жылдарға
арналған «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы.
2020-2021 оқу жылында еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде
«Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасын жүзеге асыру арқылы
оқытудың құндылықты-бағдарлық тәсілін енгізу тәрбие жұмысының ерекшелігі
болып табылады.
Аталған жобаның мақсаты:
- білім алушылардың рухани-адамгершілік
дамуын қамтамасыз етуге
бағытталған жалпыадамзаттық, ұлттық және отбасылық құндылықтарды
дамыту;
- білім алушылардың ӛзін-ӛзі тануын, ӛздігінен дамуын,
әлеуметтік
жауапкершілігін және әлеуметтенуін қалыптастыру;
- экологиялық мәдениетін, салауатты және қауіпсіз ӛмір салтын
тәрбиелеу.
Тәрбие жүйесін білім беру ұйымының ұжымы бірігіп жүзеге асырады.
Білім алушылардың дамуы үшін жобаны жүзеге асыруға барлық қызметкерлер
ӛз үлесін қосады. Жақсы қасиеттер «Мен айтқандай істе»
тұрғысынан емес,
«Мен сияқты істе» тұрғысынан берілуі тиіс. Ӛзінің ӛнегелі үлгісі негізінде
баланы тәрбиелеу – мақсатқа жеткізетін бірден-бір дұрыс тәрбие кӛзі болып
табылады.
Бұл бағдарламаны білім беру ұйымы білім алушылардың ата-аналарымен,
әлеуметтенудің басқа нысандарымен –білім
беру ұйымының әлеуметтік
серіктестерімен тығыз байланыста және ынтымақтастықта тәрбие жұмысының
негізгі бағыттары аясында жүзеге асырады:
1) Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу,
қҧқықтық тәрбие.
2) Рухани-танымдық тәрбие.
3) Ҧлттық тәрбие.
4) Отбасылық тәрбие.
5) Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.
6) Кӛпмәдениетті және кӛркем-эстетикалық тәрбие.
7) Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.
8) Дене тәрбиесі, салауатты ӛмір салтын қалыптастыру.
Тәрбие жұмысының негізін жалпыадамзаттық құндылықтар
Достарыңызбен бөлісу: