1 топ тапрсымасы:
«Презентация».
Дәріс мәтіні бойынша
«Білім мазмұны тақырыбына презентация даярлайды.
Ҥлестірмелі материал:
1.
Білім (оқыту, оқу ҥрдісі) мазмҧны
– жас ұрпақты неге оқыту
керек деген сұраққа нақты жауап болып табылады. Білім мазмұнын
белгілі типті оқу мекемесінде арнайы оқытуға таңдалып алынған
білім, біліктілік және дағдылардың нақты жүйесі деп түсіндіруге
болады. Бұл жүйеге оқушылардың белгілі интеллектуалдық,
әлеуметтік және рухани дамуын қамтамасыз ететін қоршаған орта,
қазіргі заман ӛндірістері, мәдениет және ӛнер туралы білім; білім
алудың интеллектуалдық және практикалық біліктіліктері мен
оларды қолдану тәсілдері; танымдық іс-әрекет, теориялық және
практикалық мәселелерді шығармашылықпен шешу дағдыларын
меңгеру кіреді. Білім мазмұны категориясы адамдарға белгілі
279
табиғат, адам, қоғам туралы білімдері, белгілі іс-әрекет тәсілдерін
орындаудағы адамға тән біліктіліктер туралы алынған білімдері;
қоғам алдында туындайтын жаңа мәселелерді шешу тәжірибесі;
ӛмір, табиғат, қоршаған орта тағы басқалар туралы ойлары
кӛрсетілген әлеуметтік тәжірибені бейнелейді. Кейде адамзаттың
әлеуметтік тәжірибесін жалпы адамзат мәдениеті деп атайды.
Сан мыңдаған даму тарихында адамзат ӛте кӛп білім
жинақтады. Жасӛспірім ұрпақ осы білімді игерген кезде ғана
ӛркениет дамуы жүзеге асады. Бірақ жинақталған білімнің
барлығын адам түгелдей меңгере алуы мүмкін емес. Сондықтан ең
маңызды, негізгі білімдер мен біліктіліктерді таңдау мәселесінің
орны ерекше.
Әлеуметтік тәжірибе мектептегі оқу мазмұнында түрлі
пәндерге бӛлініп кӛрініс табады.
Оқу пәні
бұл – нақты белгілері
бойынша ерекшеленген, құбылыстардың нақты класына жататын
әлеуметтік тәжірибенің (адамзат мәдениетінің) бӛлігі. Оқу пәндері
белгілі
ғылымдардың
негіздерін
мектептердегі
оқыту
қажеттіліктеріне бейімдейтін білім мазмұнының арнайы
Білімнің мазмҧны
– оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл
ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйенің
негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамиды, ғылыми-
материалистік кӛзқарасы, мінезі қалыптасады.
Білім мазмҧны
бұл – бірінші, алдыңғы ұрпақтың тәжірибесін
меңгеру
тәжірибесі,
екінші
жеке
тұлға
мінез-құлқының
типологиялық сапаларын тәрбиелеу, үшіншіден адамның ақыл-ой
және дене-күш жағынан дамуымен сипатталатын үш біртұтас
үрдістің мазмұны.
Білім мазмұны кӛптеген нормативті құжаттарда анықталған.
Білім мазмұны біздің елімізде, шетелдерде әлі де жеткілікті
зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе әрбір тарихи кезеңдерде
болып отыратын мектеп реформасының негізіне жатады. Әрбір
реформада заман талаптарына сәйкес білім мазмұны ӛзгеріске
ұшырайды, біркелкі жүйеге келтіріледі.
Осы бағытта Республика кӛлемінде білім мазмұнын жаңартуға
байланысты істеліп жатқан кӛптеп саналады. Соардың бірі
«Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім
мазмұнының тұжырымдамасы».
Бұл тұжырымдамада білім мазмұнын қалыптастырудың
ғылыми негіздері, білім мазмұнын анықтайтын негізгі принциптер,
280
білім мазмұнының құрамы және құрылымы бірыңғай жүйеге
келтірілген.
Білім мазмұнын жаңарту, білім беру жүйесін дамыту ӛмір
талабының обьетивті заңдылығы. Әр халықтың тарихи мәдени
және әлеуметтік-экономикалық ерекшелігі диалектикалық бірлікте
қарастырылып, мектептегі білім мазмұнын жаңартудың негізгі кӛзі
болуы тиіс.
Әлеуметтік тәжірибенің жинақталуы және оқу пәндерінің
кӛбеюіне байланысты пәндердің ӛздері жаңа бӛліктерге бӛліне
бастады. Бірақ, қазір оқу пәндерінің одан әрі кӛбеюі және
дифференциациялануы (бӛлшектенуі) жағдайды мүлде қиындатуы
мүмкін. Соған байланысты әлемдік педагогика оқу пәндерін негізгі
идея тӛңірегіне интеграциялауға (біріктіру) кӛшті.
Білім
беру
мазмҧны
–
педагогикалық
бейімделген
/адаптированная/ білімдердің, іскерліктердің және дағдылардың
жүйесі, шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесі және дүниеге деген
эмоционалдық-құндылықтық қатынас, оларды меңгеру тұлғаның
дамуын қамтамасыз етеді. Жалпы білім берудің мазмұны
оқушыларды әлеуметтік, кәсіптік емес іс-әрекетке қатынасуды
қамтамасыз етеді. Әрбір индивидтің дүниеге деген қатынасын
ондағы
ӛз
орнын
анықтауды
азаматтық
позициясын
шарттандыратын дүниеге кӛзқарасты, құндылықтар мен мұраттар
жүйесін қалыптастырады.
Білім мазмұнының қайнар кӛзі – материалдық және рухани
мәдениетте бекітілген адамзаттың әлеуметтік тәжірибесі болып
табылады. Әлеуметтік тәжірибе 4 элементті енгізеді: білім
/олардың түрлерінің жиынтығы индивидте қоршаған шындық
туралы жалпы түсінік және қажетті іс-әрекетте бағытталғандығын
анықтайды/; іс-әрекеттің тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибесі /оны
меңгеру барысында іскерліктер мен дағдылар қалыптасады,
олардың функциясы жинақталған мәдениетті қайта жасап сақтап
және дамыту болады, сол арқылы қоғамның репродуктивтік іс-
әрекеті қамтамасыз етіледі/, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі
/оның функциясы – мәдениетті әрі қарай дамыту/; шындыққа, ӛз іс-
әрекетіне, ӛз-ӛзіне деген эмоционалдық-құндылықтық қатынастың
тәжірибесі.
2.
Білім мазмҧнын қалыптастыру принциптері
нің ішіндегі
негізгілеріне тӛмендегілер жатады:
281
ғылыми,
әлеуметтік
және
мәдени
дамудың
соңғы
жетістіктерінің мектепте берілетін білімнен кӛрініс табатын
ғылымилығы;
әрбір жаңа білім алдыңғы берілген біліммен байланысты және
содан туындайтынын кӛрсететін білім мазмұнын жоспарлаудан
тұратын бірізділік;
тарихилық, яғни білім мазмұнында мектептердегі қандай да
болмасын білім салаларының, даму тарихының оқылатын
мәселелер бойынша белгілі ғылымдардың іс-әрекетінен кӛрініс
табуы;
жүйелілік, яғни оқылатын білім мен қалыптастыратын
біліктіліктерді адамзат мәдениетінің жалпы жүйесінде және ӛзара
кірігетін барлық оқу курстары мен басты білім мазмұнының
жүйесінде қарастыру.
мектеп білімін шыни практикада бекітудің әмбебап құралы
ретінде және берілген білім мен қалыптасқан біліктіліктердің
әсерін тексеру тәсілі ретінде ӛмірмен байланыстылық принципі;
меңгеруге берілетін білім, біліктіліктердің қандай да
болмасын жүйелерінің оқушылардың дайындық деңгейіне және
жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сәйкестігі; егер материал тым жеңіл
болса, онда білімде, танымдық процесстер де ӛте баяу,
мүмкіндіктеріне сәйкеспей дамиды.
оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымын,
ғылыми білімдердің оқулықтарды берілу деңгейлерін,оқылатын
ғылыми ұғымдар мен терминдердің кірістірілу деңгейлері
анықталатын түсініктілік принципі.
Білім мазмҧнын қалыптастырудың ҧстанымдары:
бүкіл
элементтерінің және бүкіл деңгейлерінде қоғамның сұранысына
сәйкестігі, оқытудың мазмұндық және процессуалдық жақтарының
бірлігі, ақырында оқыту процесінде оны жүзеге асырудың нақты
формаларында
жалпыдан
жекелікке
қозғалысында
білім
мазмұнының әр түрлі деңгейде қалыптасуында құрылымдық
бірлігі.
Білім беру теориясында 2 бағыт қалыптасты және солардың
негізінде оқу пәндерін таңдаудың ұстанымдары белгіленді:
1.
Формальдік білім беру теориясы
бойынша білім алуға баса
назар аудармай, оқушыларда қабілетті, ойлауды, қиялды, есті
дамытуға күш салу керек болды. Бұл теорияның ӛкілдері пәндерді
282
екі топқа бӛлді: 1) тілдер, әсіресе ежелгі, әдебиет, математика, жаңа
тілдердің грамматикасы; 2) биология, география, физика, химия
және т.б.
Формальдық білім беру теориясына сәйкесті Ресейдің,
Германияның және т.б. елдердің классикалық гимназияларының
оқу жоспарлары құрылды.
2.
Материалдық білім беру теориясы
/ХҮІІІғ.аяғы/ білім
мазмұнын
тандаудың
негізгі
критериясы
ретінде
оның
пайдалылығын, қоғамның ӛміріне қажеттігін қойды. Материалдық
білім беру теориясы реалдық училищелердің оқу жоспарын құруға
негіз болады. Оқу жоспарында математикаға, физикаға, химияға,
жаңа шетел тілдеріне, коммерциялық іске кӛп орын берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |