4. Қазіргі таңдағы білім берудің мазмұны мен әдістері



Дата12.05.2020
өлшемі13,9 Kb.
#67412
Байланысты:
4 лекция


4. Қазіргі таңдағы білім берудің мазмұны мен әдістері
Білім беру мазмұны көптеген нормативті құжаттарда анықталған.

Білім мазмұны біздің елімізде, шетелдерде әлі де жеткілікті зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе әрбір тарихи кезеңдерде болып отыратын мектеп реформасының негізінде жатады. Әрбір реформада заман талаптарына сәйкес білім мазмұны өзгеріске ұшырайды, біркелкі жүйеге келтіріледі.

Балалардың ғылым негіздерін игеру процесі және нәтижесі. Жалпы білім мазмұнына оқылатын пәндердің негізгі үш циклі кіреді: ғылыми-жаратылыс , гуманитарлық, еңбек және дене дайындығы.

Ғылыми-жаратылыс пәндері табиғат заңдылықтары жайында балаларға терең білім береді, олардың ойлау қабілеттерін дамытудың негізгі құралы болады. Гуманитарлық пәндер балаларды қоғамның даму заңдарымен таныстырады.

Оқу жоспары – бұл оқу пәндерінің құрамын әрбір сынып және пән бойынша апталық сағат санын анықтайтын мемлекеттік құжат.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру мекемелерде өтпелі базистік оқу жоспарында толық жүктеме бес деңгейге бөлінеді:

Тұрақты жүктеме құрамындағы пәндер жалпы орта білім беретін мектептердің барлық типтерінде оқылады.

Жылжымалы бөлім балалардың дербес қабілетін дамытуға, бар ынтасымен қызығып оқитын пәндерді жете тереңдетіп білуге мүмкіндік жасайды. Ол таңдамалы пәндер мен факультатив курстарынан құралады.

Жеке пәнді теориялық және практикалық жағынан тереңдете оқытуға арналған типтік оқу жоспарларының бірнеше түрлерін Қазақстан Республикасының Білім министрлігі жасаған. Сол жоспарлардың бәрін мектептің ерекшелігін еске алып, тереңдете оқитын пәнді педагогикалық ұжым белгілейді де оқу жоспарын іске асыруды ойластырады. Осыған байланысты типтік оқу жоспарларының бір түрі ұсынылып отыр.

Қазіргі заман талабына сәйкес балабақшада және бастауыш мектепте білім мазмұнын өзгерту басты міндеттердің пікірлерін басты міндеттердің бірі. Оны іске асыруда қандай білімді және іскерлікті әрбір адамның игілігіне айналдыруға болама ма?

Білім мазмұны жайлы алыс және жақын шетелдер ғалымдарының пікірлерін баспа беттерінен кездестіруге болады. Олардың кейбірлеруі үдемелі ғылыми-техникалық кезеңде жаратылыс-ғылыми білім мазмұнын өзгерту мәселеріне көбірек көңіл бөледі. Ал бірте-бірте байқала бастаған үдемелі ғылыми-техникалық зардабы , зиянды жақтары ескерілмейтін сияқты. Осындай дағдарысты жағдайды болдырмау үшін білім мазмұнын гуманитарландырудың маңызы зор.

Заман талабына сәйкес гуманитарлық білімді өзгерту бүкіл дүние жүзінде болып жатқан іс. Бірақ, бұл жөнінде орта мектептерде жаратылыс-математика және гуманитарландырудың маңызы зор. Пәндерді оқыту туралы ғалымдар арасында қарама –қарсы пікірлер, ғылыми айтыстар болып тұрады. Мысалы, француз физигі Д. Ф. Араго мен француз ақыны А. Ламартинның арасындағы талас пікірлердің өзі –ақ куә бола алады. Араго жаратылыс ғылыми білімнің пайдасына , гуманитарлық білімді ығыстыру талабын қойды. Әлем сөздердің және әндердің көмегімен өндіріс дамымайды. Білім әрекет жасаудың инструменті болуы қажет. Осымен бірге жаратылыс талымдарын зерттеу тек қана материалдық пайда үшін қызмет ету. Жаратылыс ғылыми білімі көптеген теріс ұғымдарды , қате пікірлерді жояды.



Білім мазмұнын қазіргі тілекке сәйкес өзгерту жөнінде жалпы білім беретін орта мектептерде істеліп жатқан татымды істердің алғашқы бастамаы байқалады. Қазақстан Білім министрлігінің жалпы орта мектептерге жасаған оқу жоспарларында білім мазмұнын жаңарту мәселесіне ерекше көңіл аударылған .

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет