Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Мектепте экологиялық тәлім беру мен оқыту



Pdf көрінісі
бет205/211
Дата06.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#82001
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   211
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

Мектепте экологиялық тәлім беру мен оқыту 
жүйесі
Экологиялық тәрбие мен білім беру 
– табиғат ресурстарын 
тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді әрекет 
жасай алатын жеке тұлғаның экологиялық сенімін қалыптастырып, 
белсенділігін кӛтеру. Сондықтан, экологиялық білім беру 
оқышылардың табиғатқа жаңаша кӛзқарасын қалыптастырудың 
негізі болса, әртүрлі формаларда жүргізілетін экологиялық тәрбие 
жұмыстары жеке тұлғаның эмоциялық – сезімдік әлеміне 
бағытталады, адамгершілік жауапкершілік қасиеттерін тәрбиелейді. 
Экологиялық тәрбие жұмысының негізі – табиғатты қорғау 
ниеттерін іс жүзінде іске асыру. Ӛмір бір жақты экологиялық 
тәрбие ісімен шектелмей, оларды үздіхсіз табиғат қорғау 
әрекетімен байланыстыру, еңбек тәрбиесімен ұштастыруды талап 


359 
етеді. Осыған орай тәрбие ісі бастауы экология туралы білімдерге, 
яғни қажетті ақпараттарды қабылдау, талқылау, түсінуге 
негізделеді. 
Бұл істің кӛзі адам ӛмірінің бастауы – жер, су, ауа, аң, ӛсімдік. 
Аймақ қажеттігі жергілікті табиғат жағдайы тәрбие ісі бағытын, 
түрін, оны үйымдастыру мен іске асыру формалары мен мазмұнын 
анықтайды (жасыл патрулдер, орман достары, аңдар мен құстар 
қорғаушылар тобы). Егер білім алушы ӛзінің ертеңгі күні, ӛзімен 
бірге достары және жақыңдарының бақыты қоршаған ортадағы 
ауаның, судың тазалығына байланысты екенін түсінсе, жасыл 
желек пен ағын суды таза ұстауға кӛмек тигізсе, ол табиғатты 
қорғаушылар қатарында болғаны. 
Оқушылардың 
экологиялық 
санасын 
тәрбиелеуде 
гуманитарлық және эстетикалық циклдегі пәндердің де маңызы 
ерекше. 
Тарих, қоғам тану, мемлекет және құқық негідері пәндері оқу 
барысында 
табиғатқа 
рақымсыз 
қарым-қатынас 
жасауға 
болмайтындығын, 
ол 
үшін 
мемлекеттік 
және 
қоғамдық 
ұйымдардың әрекетін реттейтін заң актілері жайында білім алады.
Эстетикалық пәндер негізінде:
әдебиет, кӛркемӛнер, музыка 
сабақтары табиғаттың эстетикалық мәнін, оның ӛзіне тән 
қайталанбас 
сұлулығын, 
адамға 
және 
жалпы 
қоғамға 
маңыздылығын ашып кӛрсетеді. Ӛнер табиғатты жандандырады, 
адамның сүйіспеншілігін оятады және оның бӛлінбес бӛлшегі 
екендігін ұғынуға мүмкіндік береді.
Экологиялық білім беру бағдарламасын жҥзеге асыру 
кезеңдері: 
I кезең. Оқушыларды негізінен ӛзінің айналасында не болып 
жатыр, міне осыны түсінуге баулу керек.
II кезең. Экологиялық міндеттерді анықтап, оларды шешу 
жолдарын белгілеуге, қоршаған ортаның жағдайын айқын 
парасатттылықпен және сын кӛзбен бағалай білуге үйрету.
III кезең. Жоғары сынып оқушыларын ӛзінің тұрғылықты 
мекені, қала мен ауылдың экологиялық жағдайын түсіне білуге 
үйрету. 
IV кезең. Оқушылармен бірлесе ӛзінің тұрғылықты мекенінде 
экологиялық жағдайы нашар немесе апат аймақтарды қорғауға алу 
жұмыстарын ұйымдастыру. 


360 
3 КЕЗЕҢ – ТОЛҒАНЫС 
6. Жаттығу «Еркін жазу» стратегиясы 
Студенттер сабақ бойына жаңа ақпарат жайлы, одан алған 
әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы 
ӛз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт беріледі. 
Уақыт аяқталған кезде студенттер ӛз жазғандарымен топ 
мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда 
оқылады. 
 
Эстетикалық тәрбие 
Ӛркениет ӛрісінде адам ӛзін қоршаған ортада сұлулық іздеп, 
сезінуге үйренеді. Бұл қабілет эстетикалық сезім деп атауын алды. 
Эстетика категориясының ең негізгісі – әдемілік. Әсемдік – бұл 
ӛмірдің ӛзі, бұл табиғат және адам қарым-қатынасы мен оның 
еңбегінің жемісі. 
«Эстетика» термині гректің «эстезис» – сезімталдық деген 
сӛзінен шыққан. Бұл сӛзді алғаш рет неміс ӛнертану ғалымы 
Баумгартен ғылыми атау ретінде енгізіп, 1750ж. оның «Эстетика» 
деген еңбегі жарық кӛрді. Сол кезден бастап эстетика ғылым 
саласына айналды. Ал эстетика ұғымының ӛзі ертеректе туған. 
Оның бастауы ежелгі заманға кетеді.
Эстетикалық тәрбие – бұл ӛнерде және ӛмірде әсемдікті 
толықтай қабылдап және дұрыс түсінуге жеке адамның қабілетін 
дамытуға мақсатты түрде бағытталған үрдіс.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – эстетикалық талғамды және 
ӛмір шындығына (еңбекке, қоғамдық іске, табиғатқа, ӛнерге, ӛз 
қылығына) эстетикалық қатынасты қалыптастыру.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері: 
- эстетикалық сананы қалыптастыру, яғни отандық және 
дүниежүзілік мәдениет, эстетика негіздері бойынша білімдер жинағы, 
ӛнерде, халық кӛркемӛнер шығармашылығында, табиғатта, адамда 
шынайы әсемдікті айырып, түсіне білу кабілеті; 
- эстетикалық сезім, талғамды қалыптастыру, кӛркем - 
шығармашылық іс-әрекетке қабілетін және мотивациясын 
(сұранысын; қызығушылығын т.б.) дамыту; 
- кӛркем-шығармашылық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру, 
дарынды білім алушыларды қолдау, тұрған ортасын, еңбегін, оқуын 
эстетикалық нормаға және құндылықтарға сай ұйымдастыру 
тәжірибесін (іскерліктер мен дағдылар) жасау. 


361 
Эстетикалық тәрбиенің жалпы принциптерімен бірге ерекше 
принциптері де бар: 
- эстетикалық тәрбиенің және кӛркемӛнер білімінің бәріне 
қатыстылығы және міндеттілігі; 
- эстетикалық тәрбиенің бүкіл істеріне кешенді тұрғы; 
- білім алушылардың кӛркемӛнер және жалпы психикалық 
дамуының бірлігі; 
- білім алушылардың кӛркемӛнер-шығармашылық іс-әрекеті және 
ӛнерпаздығы (самодеятельность); 
- білім алушылардың бүкіл ӛмірінің эстетикалық талаптарына 
сай болуы; 
- білім алушылардың жастық психологиялық-педагогикалык 
ерекшелігін есепке алу; 
Эстетикалық тәрбиенің мазмұны: 
- қоршаған дүниені эстетикалық қабылдауды, әсемдікті бағалау 
және жасау қабілетін дамыту; 
- эстетикалық сезім мен эмоцияларды дамыту; 
- ӛнер, мәдениет, табиғат объектілері аясында білім алушыларға 
эстетикалық білім беру; 
- білім алушылардың эстетикалық нышандарын, қабілетін және 
ынталарын дамытуға бағытталған жекелік эстетикалық тәрбие; 
- эстетикалық қатынастарды, қабылдауды, сезімдерді, талғамды 
және мұраттарын қалыптастыру. 
Эстетикалық тәрбиенің формалары: конкурстар, викторина, 
әртүрлі оқу орындары мен мекемелері, үйірмелер, шығармшылық 
топтар, ұжымдық, жаңа формасы – «ұшқын» концерті, ӛнерпаздар 
театры, әдеби-шығарма конкурсы, ұнамды сабақ эстафетасы, 
гигиеналы мәдениет, тазалық пен тәртіпті тек оқу орындарында 
ғана емес, сол аймақта сақтау қажеттігімен байданыстыру т.б. 
Эстетикалық тәрбиеде тәрбиелеудің жалпы әдістерін кеңінен 
пайдаланады. Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыру жолдары:
- оқыту үрдісінде: тілдер, әдебиет, тарих, саз, бейнелеу ӛнері, 
дүниежүзілік және отандық кӛркемӛнер мәдениет дәрістері мен 
семинарлары;
- оқудан тыс тәрбиелік жұмыстың әр түрлі формалары мен 
түрлері;
- жалпы және қосымша білім беру, яғни тәрбиелеу және оқыту, 
мәдениет және т.б, мекемелерінде кӛркем-шығармашылық іс-әрекетке 
баулу. 


362 
Эстетикалық 
тәрбиенің 
кӛптүрлі 
құралдары 
кӛркемдік 
жұмыстарда кӛрінеді. Эстетикалық тәрбиенің құралдары сан-алуан: 
табиғат, еңбек, адам қатынасы, ӛнер және т.б., ал тәрбиелеу кӛздері 
- қоршаған орта, оқу-үйрету еңбегі, ӛнер әлемі, музыка, суреткер 
шығармасы т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   211




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет