Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет204/211
Дата06.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#82001
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   211
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

 
Экологиялық тәрбие
 
Мақсаты:
эстетикалық тәрбие, оның мақсат-міндеттері
эстетикалық тәрбиенің принциптерін, формалары және құралдарын 
меңгерту.
Ӛткізу әдістері:
Диалог, мәселелік түсіндіру тәсілі; «Оқу және жазу арқылы 
сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» стратегиялары: ассоциация, «Т 
кестесі», «Еркін жазу» стратегиялары.
Кҥтілетін нәтижелер:
Студенттер дәрістің соңында:
-
Экология термині, экологиялық тәрбие туралы түсінік алады; 
-
Экологиялық сана ұғымын меңгере отырып, оның атқаратын 
қызметтері жӛніндегі білімді игереді; 
-
ЖББМ-де экологиялық тәрбие беру мен экологиялық сананы 
қалыптастырудың негізгі формаларын, жолдарын, экологиялық 
білім беру бағдарламасын жүзеге асыру кезеңдерін меңгереді. 
Материалға сын кӛзбен қарауға үйренеді. 
Дәрістің мазмҧны: 
1. Экология және экологиялық тәрбие мақсаты туралы түсінік. 
2. Экологиялық сана және оның қызметтері. 
3. Мектепте экологиялық тәлім беру мен оқыту жүйесі. 
1 КЕЗЕҢ – ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ 
1. Жаттығу «Ассоциация» стратегиясы.


355 
Қарастырылатын ұғым: «Экология». Студенттер бұл ұғым 
жӛнінде ӛз ой, пікірлерін білдіреді. Айтылған ой, пікірлер тақтаға 
жазылып тұрады (сурет 1).
Сурет 1. 
2 КЕЗЕҢ – НЕГІЗГІ БӚЛІМ 
2. Ауызша сҧрақ мағынасын ашу 
Студенттердің пікірлері тақтадағы суретке түсірілген соң 1-
сұрақтың мағынасын оқытушы ашады. 
1. Экология және экологиялық тәрбие мақсаты туралы тҥсінік 
Лектор сӛзі (Слайд 1): 
«
Экология
» ұғымын тұңғыш рет 1866 жылы неміс биологы Э. 
Геккель қолданды. Бұл ұғым гректің «ойкос» – (үй немесе тұрғын 
үй/ жилище/) және «логос» (ой /мысль/), яғни, «тұрғын үйді ойлау» 
деген ұғымнан пайда болса керек.
Қазіргі кезде «экология» ұғымына анықтамада: 
Экология
– организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен 
ӛзара қарым-қатынасын зерттейтін ілім. 
Экология
– жануарлар ӛсімдіктер, микроорганизмдердің ӛзара 
және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биологияның 
құрамдас бӛлігі. 
Экология
– 
тірі 
организмдердің 
тіршілік 
ортасымен 
арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым ретінде қарастырады. 
Экология 





356 
Слайд 
2.
Экологиялық 
тәрбие 
–табиғаттың 
барлық 
субъектілеріне 
қатысты 
ізгілікті, 
қайырымдылықты, 
парасаттылықты қалыптастыруды кӛздейді.
Экологиялық тәрбие 
– бұл тек «жұлуға болмайды», «ластауға 
болмайды» деген жалаң ұран, үндеу тастау немесе тәртіпке шақыру 
ғана емес, сонымен бірге не себепті олай етуге болмайтындығын 
түсіндірумен байланысты жүзеге асады. 
Слайд 3.
Экологиялық тәрбиенің мақсаты 
оқушылар бойында 
экологиялық білім, кӛзқарас, сенім жүйесін қалыптастырып, сол 
арқылы олардың табиғатқа, қоршаған ортаға парасаттылық, 
жауапкершілік қарым-қатынасын жан-жақты қалыптастырып, 
дамыту. 
3. Жаттығу Бейнені толықтыру 
Экология және экологиялық тәрбие, оның мақсаты туралы 
білім жеткізілген соң студенттермен біріге отырып жоғарыдағы 1-
ші сурет толықтырылады немесе түзетіледі. 
 
2. Экологиялық сана және оның қызметтері 
Лектор сӛзі:
«Экология» қоғамдық сананың формасы ретінде жануарлар 
әлемі мен ӛсімдіктер дүниесінің ішкі ӛзара әрекеттесуін және 
қоршаған ортамен ӛзара қарым-қатынасының заңдылығын 
зерттейтін биология ғылымының құрамдас бӛлігі. 
Экологиялық 
санаға экологиялық білім жатады:
фактілер, деректер, жануарлар 
әлемімен ӛсімдіктер дүниесі және олардың ӛмір сүру ортасы 
жайында, жалпы қоршаған ортада болып жатқан құбылыстардың 
ӛзара 
қарым-қатынасының 
қорытындысы 
мен 
талдауы. 
Эстетикалық сезім және экологиялық жауапкершілік оның 
құрамдас бӛлігі болып табылады. Олар адам баласын табиғатты 
сақтауда қырағы болуға түрткі болады, табиғи сулар, жер қойнауы, 
атмосфера және орман, тоғайларды ӛндіріске пайдалануда келеңсіз 
оқиғаларға тап келуін болдырмауды алдын-ала ескертеді. Адамнан 
табиғатты пайдалануда ондағы экологиялық ойлау қабілетінің 
жоғары болуын талап етеді. 
Экологиялық сана қоғамдық сананың формасы ретінде 
маңызды қызмет атқарады

Ағартушылық қызметі. 
Ол оқушыларға табиғатта адамның 
ӛмір сүру ортасы ретінде және эстетикалық тұрғыдан жетілуіндегі 
оның маңызын түсінуге кӛмектеседі. 


357 
Дамытушылық 
қызметі. 
Ол 
балаларды 
экологиялық 
құбылыстарды ұғыну , табиғат жағдайына талдау жасау, табиғатпен 
ақалға сиятындай орынды қарым-қатынас жасау біліктілігін 
қалыптастыру просцесінде жүзеге асады; 
Тәрбиелік қызметі. 
Ол оқушыларда табиғатқа адамгершілік 
және эстетикалық қарым-қатынасты қалыптастыруды кӛрініс 
береді. Олардағы жауапкершілік сезімі мен борыш органикалық 
тұрғыды ақиқат ӛмірдің ұлылығын және сұлулығын шаттана сезіну 
барысында бірлікте жүзеге асады. Бұл оқушыларда табиғатты 
қорғау әрекетін жандандыруға түрткі болады. Туған табиғатта 
терең білу, оған деген махаббат сезім патриоттық сезімді байытады 
және нығайтады. 
Ҧйымдастырушылық қызметі. Ол 
оқушыларда табиғатты 
қорғау әрекетін ынталандыруды кӛздейді. 
Алдын-ала болжау қызметі. 
Ол балаларда адамның табиғатқа 
жасаған қайсыбір әрекетінде мүмкін болатын зардаптарын немесе 
экологиялық процестердің бұзылу жағдайынан неге алып келетінін, 
ол үшін қандай шараларды ұйымдастыру қажеттігін алдын-ала 
болжай білу біліктілігін тәрбиелеуді немесе дамытуды кӛздейді. 
Экологиялық тәрбие экологиялық білім берудің құрамдас 
бӛлігі. 
4. Жаттығу «Т кестесі» 
Диалог негізінде жүргізілген 2-сұрақ материалын талқылаудан 
кейін негізгі ұғымдарды ескере отырып (курсивпен жазылған), 
студенттер «Т кестесі» стратегиясымен жұмыс жасайды.
«Т» кестесінің сол жағына экологиялық санаға жатын 
экологиялық білімдер (мысалы, фактілер, деректер т.б.) жазылса, оң 
жағына экологиялық сананың атқаратын қызметтері жазылады 
(мысалы, ағартушылық, дамытушылық т.б.). 
Слайд 4
.
«Т» кестесі» стратегиясы 
Экологиялық санаға жататын 
экологиялық білім 
Экологиялық сананың 
атқаратын қызметтері 


358 
 
5. Жаттығу «Тҥртіп алу» 
3-ші сұрақты меңгеру алдында студенттер 2 топқа бӛлінеді.
Барлығы 3-ші сұрақ мәтінін «Түртіп алу» стратегиясы арқылы 
талдай отырып, ӛз тапсырмаларын орындайды.
1-топ тӛмендегі кестені толтырады (кесте 1) 
Слайд 5 
Мектепте оқыған кезіңізде 
экологиялық 
тәрбие 
беру 
бойынша 
қандай 
жұмыстар 
жүргізілді? 
Экологиялық тәрбие беру 
бойынша тағы қандай қосымша 
жұмыстар жүргізілгені дұрыс? 
1. 
2. 

1. 
2. 

2-топ толтыруға тиісті кесте (кесте 2) 
Слайд 6 
Экологиялық 
білім 
беру 
бағдарламасын жүзеге асыру 
кезеңдері 
Нақты қандай жұмыстар 
жүргізілгені дұрыс? 
1-кезең. 
2-кезең. 
3-кезең. 
4-кезең. 
3-сҧрақ мәтіні 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   211




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет