Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет200/211
Дата06.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#82001
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   211
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

тақырыбына «ээсе» жазу.
Студенттер ӛз орындарынан топ болып «Түртіп алу» 
стратегиясы бойынша жұмыс жасап материалдың 2-ші сұрағын 
талдайды.
Қазақстан тарихы, әдебиет пәндері бойынша білімдерін еске 
түсіре отырып, қазақ ойшылдарының патриоттық тәрбие туралы 
айтқан, тәрбиелік ойлары мен сӛздерін жазады. Қазақстанда 
патриотизмнің даму кезеңдеріне сәйкес тарихи мәнді оқиғаларды 
кӛрсете отырып, «эссе» жазады.
Содан кейін 3 топтың шығармалары тыңдалады.
2. Еліміздегі патротизмнің дамуының кезеңдері 
Лектор сӛзі (слайд 2):
Патриотизм 
туралы 
идеяларды 
кезінде 
ӛздерінің 
шығармаларында қазақ даласының ойшылдары да, атап айтсақ, 
Әл-
Фараби, Ж.Баласағҧни, М.Қашқари, жыршы-жыраулары да: Асан-
қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Бҧқар жырау, Махамбет 
т.б. айтқан. 
Қазақ халқының табиғи түрдегі азаматтық-патриоттық тәлімінің 
басқа да халықтық дәстүрі мен байлықтарының дами түсуін, тіпті 
кейбір уақыттарда патриот деген сӛздің лексикалық құрамынан 
алынып қалмауын қазақ жеріндегі жиі-жиі болып тұрған тарихи 
оқиғалардың қыр-сырынан іздеген жӛн. Қазақтың ұлан-байтақ 
даласын біздің ата-бабаларымыз сан ғасыр найзаның ұшымен, 
білектің күшімен, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға соқтырмай 


344 
аман сақтап келді. Олардың құрып кету қаупі тӛніп тұрған кезде бір 
жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жауға қарсы тұруы нағыз 
шынайы Отансүйгіштік қасиет деп түсінеміз. 
Зерттеуші, 
саясаттанушы 
Ж.О.Кенжалин 
патриотизм 
ұғымының Қазақстанның саяси тарихының алар орны жӛніндегі 
проблемаларды түйіндей келе соңғы онжылдық тарихын мынадай 
кезеңдерге
бӛліп қарастыруды ұсынған. 
Қазақстандық патриотизмнің ел тәуелсіздігі жылдарындағы 
тарихының 
алғашқы кезеңі
: 1991-1994 жылдар аралығы. 
Екінші 
кезең
1995-1998 жылдары аралығы. Бұл кезең мемлекеттің 
нарықтық экономика заңдарына ӛту кезеңімен, кей тұстары 
халықтың жекелеген әлеуметтік топтарын торығушылыққа, 
дағдарушылыққа алып келген сәттерімен сипатталады. 
Ҥшінші кезең
: 1999 жылдан бері қарай. Бұл кезең Қазақстанда 
патриотизм ұғымы шын мәнінде ел ішіндегі бірліктің, қоғамдық 
келісімдік тұрақты саяси ахуалдың кепілдігіне айналғандығымен 
сипатталады. 
4. Жаттығу «Екі жақты кҥнделік»
3-сұрақ 
бойынша 
студенттер 
«Екі 
жақты 
күнделік» 
стратегиясымен жұмыс жасайды (слайд 3).
Слайд 3 
1-кестеден 1 анықтаманы 
таңдап алып, осы графаға 
жазыңыз 
Анықтаманы таңдап алу 
себебіңіз 
5. Жаттығу: Кесте толтыру 
Алыс және жақын шетелдердегі патриотизм ұғымына берілген 
анықтамалардың классификациясы 1-кестеде кӛрсетілген.
3. Патриотизм ҧғымына берілген анықтамалардың жіктелуі 
Кесте 1. Патриотизм ұғымына берілген анықтамалар 
Слайд 4. 
Анықтамалар
Алынған әдебиет кӛзі 
«Менің патриоттық сезімім ірбіт 
сандығындай («матрешка» сияқты бір 
сандықтың ішінде бір сандық, оның 
ішінде тағы бір сандық) мен ең 
Ш.Уәлиханов
Таңдамалы 
шығармалар жинағы. 


345 
алдымен 
ӛз 
отбасымды, 
туған 
туыстарымды қадірлеймін, одан соң 
ауыл-аймақ, 
ел-жұртымды, 
руластарымды, одан соң халқымды, 
одан соң Сібір орыстары, Ресей 
жұртын қадірлеймін», - деген екен. 
Патриот – Отанын сүйетін, оның 
байлығын қорғайтын, отансүйгіш, 
отаншыл азамат. 
Даль В.И.
Толковый 
словарь 
живого велико русского 
языка. 
Патриотизм – адамгершілік және 
саяси принцип, сезім, оның мазмұны – 
Отанға сүйіспеншілік; оған адалдық, 
оның ӛткені мен қазіргісіне деген 
мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға 
құлшылық. Патриотизм – адамның 
мыңдаған жылдар бойы бекіген ең 
терең сезімдерінің бірі. 
Философиялық сӛздік. 
Алматы, 1996 
Патриотизм – Отанға, туған 
жерге, ӛзінің мәдени ортасына деген 
сүйіспеншілік. 
Педагогикалық 
энциклопедия.
Қазақ 
совет 
энциклопедиясы. 
«Патриотизм – Отанға деген 
сүйіспеншілік, жеке адамның аман-
саулығының 
қоғамдық-мемлекеттік 
қауіпсіздікке 
тікелей 
байланыстылығын 
сезіну, 
ал 
мемлекетті нығайту дегеніміз жеке 
адамды күшейті екенін мойындау». 
Б.Момышұлы. 
Қанмен жазылған кітап.
Патриотизм ӛз халқына, Отанға 
деген сүйіспеншілік пролетарлық 
интернационализммен 
берік 
байланысқан. 
Педагогикалық сӛздік.
Патриотизм – адамның туа біткен, 
биологиялық қасиеті емес, ол - 
әлеуметтік, 
тарихи 
қалыптасқан, 
Отанға деген сүйіспеншілік сезім, ол 
Отанға қызмет кӛрсетуден кӛрінеді.
Құсайынова Д.С.
Әлия 
мен 
Мәншүк 
ерлігінде жоғары сынып 
оқушыларын патриоттыққа 
тәрбиелеу. 
Алматы, 1999. 


346 
6. Кестемен жҧмыс
Студенттер 4-ші сҧрақ мәтінін оқи отырып, 2-кестені 
толтырады (слайд 5). 
4. Азаматтық-патриоттық тәрбие берудің негізгі жолдары 
Азаматтардың мақсаттары топтарының бойында саналы 
азаматтық бірлік пен қатыстылық, этносаралық және жеке адамдар 
арасындағы ӛзара түсіністік сезімін қалыптастыруға ықпал ететін 
ұйымдастырушылық алғышарттары мен шаралар жүйесін құру 
мыналар арқылы мүмкін болады: 
1)
Мемлекеттік нышандарды насихаттау және қолданылатын 
саласындағы мемлекеттік саясатты белсенді іске асыру. 
2)
Мемлекеттік рәміз ұлттың мәдени эмблемалар кешені болып 
табылады. Мемлекеттік рәмізді дұрыс пайдалану азаматтық жеке 
сананы және қауымдық сезімді қалыптастыруға ықпал етеді. 
Мемлекеттік рәмізді насихаттау түрлі деңгейлерде халықтың 
ауқымды 
жіктерін 
тарту 
арқылы 
ӛткізілетін 
әртүрлі 
конференциялар, семинарлар, акциялар шеңберінде жүзеге 
асырылатын болады. 
Бұған қоса, түрлі әлеуметтік топтардың елдің мемлекеттік 
нышандарын 
қабылдау 
дәрежесін 
анықтауға 
бағытталған 
әлеуметтанушылық зерттеу нысанында жүзеге асырылатын осы 
жұмысты ғылыми қамтамасыз ету қажет болады. 
Түрлі конкурстар және басқа да бұқаралық акциялар ӛткізу 
арқылы мемлекеттік рәміздің маңызы мәселелерінде жастардың 
хабардар болуын арттыруға айрықша назар аударылады. 
Осы тақырыптағы теледидар және радио бағдарламаларды 
жасау және кӛрсету арқылы жүзеге асыру жоспарланып отырған 
мемлекеттік нышандар насихатын жүргізуге БАҚ-ты тарту қажет 
болады; 
3)
мемлекеттік мерекелерді жалпыхалықтық мереке ретінде 
ӛткізу қағидасын енгізу. 
Жүргізілетін салтанаттарға адамдарды барынша тарту қажет. 
Бұл ретте ӛткізіліп жатқан әрбір мерекені азаматтардың «шын 
жүректен», бірлік, тұтастық, рухани кӛтеріңкілік сезімімен 
қабылдауы үшін оны ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз 
ету жӛнінде шаралар қабылдау маңызды. 
Мемлекеттік мерекелерді ӛткізу нысандарын түрлендіру 
мемлекеттік мерекелерді барынша ізгілендіретіндей сценарийлер 
әзірлеуді қарастырады. 


347 
Аталған жұмыстың нәтижесі мемлекеттік басқару органдары 
мен қоғамның түрлі жіктерінің жақындасуы, билік органдары мен 
халық арасындағы ӛзара түсіністіктің тереңдеуі болмақ; 
4)
білім беру жүйесінің оқу бағдарламаларының деңгейін 
кӛтеру. 
2 Кесте
Слайд 5 
Осы уақытқа дейін 
азаматтық-патриоттық тәрбие 
беру бойынша жиі қоданылып 
келген әдіс-тәсілдер, тәрбие 
формалары 
Сіз 
азаматтық-патриоттық 
тәрбиені нәтижелі жүргізу үшін 
қандай әдіс-тәсілдер, жолдар, 
жұмыс формаларын ұсынасыз 
1. 
1. 
2. 
2. 
... 
... 
3 КЕЗЕҢ – ТОЛҒАНЫС 
 
7. Жаттығу «Әңгіме қҧрастыр»
3 топтың студенттері топ болып 1 бет ақ параққа кезекпен 1 
сӛйлемнен жазу арқылы (2-3 айналым) «Әңгіме құрастыр» 
стратегиясы бойынша жұмыс жасайды.
Тақырып «Елімізде азаматтық-патриоттық тәрбие беру жұмысы 
және оның нәтижесі». Жұмыс уақыты аяқталған соң топ 
басшылары құрастырған әңгімелерін оқиды. 
 
«Экономикалық тәрбие» 
Қоғамдағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық қайта құру 
жағдайында қазіргі жалпы орта мектеп педагогтарының тәрбие 
процесінде тұлғаны қалыптастыру бағытындағы жұмыстарының 
ішінде экономикалық тәрбие беру маңызды болып табылады. 
Сондықтанда осы тақырыпқа жоспарланған интерактивті дәріс 
үлгісін ұсынуды жӛн кӛрдік. 
Тақырыбы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   211




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет