337
әдіс құрылымында тәсілдер мен құралдар міндетті түрде бірге
қарастырылады.
Ӛзін-ӛзі басқару
– ұжым үшін маңызды мақсаттарға жету үшін
шешім қабылдау мен оны жүзеге асыруда білім алушылардың ӛз
бетінділігін дамытуға негізделген
ұжымдық іс-әрекетті ерекше
ұйымдастыру. Ұжым жетілген сайын ӛзін-ӛзі басқару да жетіле
түседі. Жеке тұлғаға қатысты ӛзін-ӛзі басқару тӛмендегідей
қызметтерді орындайды:
- бейімделушілік (ұжым ішінде жеке тұлғаның үйлесімді ӛзара
қарым-қатынасын қамтамасыз етеді);
- интегративтік (ұжымдық және жеке іс-әрекет түрлерін
үйлестіруге мүмкіндік береді; нәтижелі іс-әрекет үшін ата-аналар,
білім алушылар және педагогтардың қызметін ұйымдастырады);
- прогностикалық (диагностика және рефлексия негізінде
ршыни перспективаларды анықтауға жәрдемдеседі);
- басқарушылық мәдениетті меңгеру (ӛзі және ұжым үшін
маңызды шешімдерді қабылдауда ӛз
бетімен таңдау жасауды
жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады).
Білім алушылар ұжымындағы ӛзін-ӛзі басқару іс-әрекетті
анықтаудан басталады: басқарушылық құрылымды жасауда,
міндеттерді бӛлуде. Ұжымның жалпы жиналысы (білім алушылар
комитеті, кеңес, штаб т.б.) ӛзін-ӛзі
басқару органдарын сайлайды
және олардың міндеттерін анықтайды. Белгілі бір тапсырманы
алғаннан кейін әрбір білім алушы ӛз міндеттерін және ол жұмысты
орындау жолдарын білуі тиіс. ӛзін-ӛзі басқару білім алушылардың
бостандық пен жауапкершіліктің қатынасын сезінуін талап етеді.
И.П.Иванов іс-әрекетті ӛз бетімен ұйымдастыру әдістемесін
жасады: құрылған кеңестер кӛмегімен жұмыстарды дайындау,
инициативалық
топтың жұмысы, кӛсбасшылардың ауысуы,
микроұжымдар арасындағы тапсырмалардың ауысып келіп отыруы.
Бұл әдістерді кез-келген білім алушылар ұжымында қолдануға
болады. Педагог ұжым ішінде ӛзін-ӛзі басқаруды дамытпайынша,
онда жеке тұлғаны дамыту мүмкін емес екендігін үнемі есінде
сақтауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: