Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет195/211
Дата06.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#82001
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   211
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

Білім алушылар ҧжымы 


330 
Латынның «коллективус» деген сӛзі «жиын», «ұжым», «топ» 
дегенді білдіреді. Осыдан коллектив, яғни ұжым – бұл адамдар 
тобы. Бірақ кез-келген топ ұжым ба? Қазіргі әдебиетте «ұжым» 
түсінігінің екі мәні қолданылады. Бірінші: кез-келген адамдар тобы 
ұжым болып табылады; екінші: жоғары ұйымдасқан топ қана ұжым 
болып 
есептеледі. 
«Ұжым» 
педагогикалық 
әдебиеттерде 
тәрбиеленушілер (білім алушылар) бірлестігі деп түсіндіріледі. Ал 
мұндай ұжымның ӛзіндік маңызды белгілері бар: 
1. Жалпы әлеуметтік мәнді мақсат. 
Кез-келген топта, 
трамвайға мінген жолаушыларда да, ұрлық істеген қылмыскерлерде 
де мақсат болады. Мәселенің бәрі мақсат мазмұнымен және оның 
бағытында. Ұжымның мақсаты қоғамдық мақсаттармен сәйкес 
келеді, яғни ӛкімет заңдарына, конституциясына, басты қоғамдық 
идеологияға сай келмей, қоғам мен мемлекеттік қолдау кӛрмейді. 
2 Жалпы біріккен іс-әрекет. 
Қойылған мақсатқа қол жеткізу 
үшін жалпы біріккен іс-әрекет ұйымдастыру қажет. Адамдар 
белгілі бір мақсат жолында ұжымдарға бірігеді. Бұл үшін ұжымның 
әрбір мүшесі біріккен іс-әрекетке белсенді қатысуы керек және 
жалпы іс-әрекет ұйымдастыруы шарт. Ұжым мүшелерін 
ерекшелейтін белгі-олардың іс-әрекет қорытындысы үшін болған 
жоғары ӛзіндік жауапкершілігінің болуы. 
3.
 
Кері жауапты тәуелділік қатынастары – ҧжым мҥшелері 
арасында ӛзіндік ерекше қарым-катынас. 
Бұл олардың іс-
әрекеттері мен мақсаттарының бірлігінде ғана емес, ортақ 
толғаныстары мен бағалы ӛзара талқылауларында да кӛрінеді.
 
4.
 
Жалпы тандалған басқарушы орган. 
Ұжымда демократиялық 
қатынас пайда болады. Басқару органы ұжымның беделді 
мүшелерін ашық және тікелей таңдайды.
Ұжым 
аталған 
қасиеттерінен 
басқа 
да 
маңызды 
ерекшеліктерімен бӛлектенеді. Бұл ұжымның ішкі хал-ахуалын, 
ұжым мүшелерінің бір-біріне деген қарым-қатынасын білдіретін 
сипаттама. Жақсы ұйымдасқан ұжымда бір-біріне кӛмек, бір-
біріне жауапкершілік, дұрысын айту, ӛзін-ӛзі сынау, бәсекелестік 
сияқты сана қалыптасады. 
Формалды қатынастағы адамдар тобында мұндай қасиеттер 
болмайды, ал ұжым бұл қасиеттерсіз ӛзінің артықшылығынан 
айрылады. Жоғарыда аталған белгілері бар ұжымда еңбекке, 
адамдарға, жеке және қоғамдық міндеттерге ізгіліктік қатынастар 
жүйесі қалыптасады. 


331 
Берік, бірауызды ұжымда мұндай қатынас жүйесі тұлға мен 
барлық ұжым мүшелерінің қызығушылық үйлесімімен, тұлғаның 
кӛпшілік беделін мойындаумен ерекшеленеді. Бұл жүйе объективті 
және субъективті қарама-қайшылықтарды жеңе алатын, ӛз 
міндеттерін білетін ұжымның әрбір мүшесінде айқын сенімді 
кӛзқарастарды қалыптастырады. 
Білім алушылар ұжымы құрылымының негізгі де тұрақты бӛлігі 
– басты іс-әрекеті оқу болатын студенттердің топтық ұжымы. Осы 
топтық ұжымда білім алушылар арасыңдағы тұлға аралық байланыс 
пен қатынас пайда болады. Осыдан, ол қоғамдағы ұжымдардың 
басқа да түрлеріне негіз болады.
ЖОО топ ұжымындағы ерекшеліктерге орай мынадай 
қорытындыға келуге болады: студенттер ұжымы – бұл жалпы 
әлеуметтік маңызды мақсаттарымен, іс-әрекеттерімен, іс-әрекетті 
ұйымдастырумен, жалпы міндеттерімен, теңдік жағдайында ортақ мүдде 
бірлігімен ұжымдасқан жастар тобы. 
А.С. Макаренконың ҧжым туралы тағылымы 
А.С.Макаренко тағылымы білім алушылар ұжымын сатылы 
қалыптастырудың егжей-тегжейлі технологиясынан тұрады. Ол 
ұжымның ӛмір сүру заңын былай түсіндіреді: қозғалыс – ұжымның 
ӛмір сүру формасы; тоқтау – оның жойылу формасы. Әйгілі педагог 
ұжымның даму принциптерін анықтады (ашықтық, жауапты 
тәуелділік, перспективалық, бірлестік әрекет). 
Ұжым болу үшін, топ сапалы тіктелу жолынан ӛтуі қажет. Осы 
жолда А.С.Макаренко бірнеше сатыларды белгілейді. 
Бірінші саты (алғашқы бірігу сатысы) – ұжымның құрылуы. 
Бұл кезеңде ұжым педагогтың тәрбие жұмысының мақсаты ретінде 
кӛрінеді, мұның ӛзі ұйымдасқан, белгіленген топты (сынып, топ, 
үйірме т.б.) ұжымға айналдыруға талпыну, яғни білім алушылардың 
ұжымға қатынасы бірлескен іс-әрекет мазмұнымен, мақсат-
міндеттерімен, 
құндылықтарымен 
анықталады. 
Ұжымның 
ұйымдастырушысы – педагог, барлық талаптар осы педагогтан 
басталады. Ұжым белсенділері анықталып, тәрбиеленушілер 
жалпы мақсатқа, іс-әрекетке және ұжымдық бірлікке келгенде 
бірінші кезең аяқталады. 
Екінші сатыда белсенділердің ықпалы арта түседі. Енді 
белсенділер тек педагогтардың талаптарын қолдап қана қоймай
ұжым мүшелеріне ұжымға не пайдалы, не зиянды екенін байқатып, 
ӛз түсініктері бойынша басқара бастайды. Егер белсенділер ұжым 


332 
қажеттілігін дұрыс түсінсе, онда олар педагогтың сенімді 
кӛмекшілеріне айналады. Бұл кезеңде белсенділер жұмысына 
педагог кӛп кӛңіл бӛлуі керек. 
Екінші саты ұжым құрылымының тұрақтануымен сипатталады. 
Бұл сатыда ұжым бүтінделген жүйе ретінде кӛрінеді, онда ӛзін-ӛзі 
ұйымдастыру және ӛзін-ӛзі реттеу механизмдері іске қосыла 
бастайды. Ұжым ӛз мүшелерінен белгілі-бір қылықтар мен 
нормаларды талап ете бастайды, ал талаптар біртіндеп кеңейе 
береді. Бұл сатыдағы педагогтың басты мақсаты – осы ұжымның 
алға қойған міндеттерін шешу мүмкіндіктерін мейлінше кӛп 
пайдалану. 
Ұжымның бұл сатыда дамуы кейбір қарама-қайшылықтарды 
жеңумен байланысты, атап айтқанда: 
-
ұжым мен жеке білім алушылар арасындағы; 
-
жалпы және жеке перспективалар арасындағы; 
- топ ішіндегі әр қилы ерекшеліктері бар білім алушылар 
топтары арасындағы т.б.
Тәжірибе жүзінде әр ұжым – дара білім алушының жеке дамуын 
мақсатты түрде бағыттайтын тәрбие субъектісі ретінде танылуы 
тиіс. Сондықтан ұжым дамуында секірістер, тоқыраулар, ӛзгерістер 
мен ауысулар болмауы мүмкін емес.
Үшінші және одан кейінгі сатылар ұжымның кемелденуі. 
Алдынғы даму сатыларында қол жеткізген жетістіктер киелі 
тұлғалық ерекшеліктерді: жолдастарына қарағанда ӛзіне жоғары 
талап қоюын, кӛзқарастарының, әдеттерінің, әрекет-қылықтарының 
тұрақтануын дамытады. Егер ұжым осы сатыға жетсе, онда 
толыққанды, адамгершілігі мол тұлға қалыптастыру үстінде деген 
сӛз. Жалпы тәжірибе, болған оқиғаны бірдей бағалай білуі – үшінші 
сатыдағы ұжымнын ең негізгі белгісі. 
Барлық даму сатыларында ұжым үлкен және кіші дәстүрлерді 
қалыптастырады. Дәстүрлер – тәрбиеленушілерді эмоционалды 
қабылданатын әдет-ғұрып, ниет арқылы жасалатын ұжым ӛмірінің 
тұрақты формалары. Дәстүр жүріп-тұру нормаларының бекуіне 
кӛмектесіп, ұжымдық мәселелерді бірлікте шешу қабілеттерін 
дамытып ӛмірді қызықты етеді. 
Ұжымда мақсатты таңдай білу маңызды рӛл атқарады. 
Тәрбиеленушілер мұрат еткен мақсат – перспектива деп аталады. 
Адам ӛмірінің негізгі қозғаушы күші, яғни стимулы – ертеңгі 
қуаныш. Тәрбиеленушіге түсінікті перспективалы мақсат – 


333 
қиындықтар мен кедергілерді жеңуге кӛмектесетін үлкен күш. 
Тәрбие жұмысы тәжірибесінде перспективаның үш түрі кездеседі, 
олар: жақын, орташа және алыс перспективалар. 
Жақын перспектива – ұжым мүшелерінің күнделікті жеке 
қызығушылықтарынан туындайды. Мысалы, театрға бару, 
танымжорыққа шығу, т.б. 
Орташа перспектива – уақыт бойынша алыстау ұжымдық 
оқиғаның жобасы. 
Алыс перспектива – ұзақ уақытқа кӛзделген үлкен мағыналы, 
маңызды талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат. Мұндай 
перспективада тұлға мен ортаның қажеттіліктері міндетті түрде 
үйлеседі. Перспективалық жолдар жүйесі ұжымға етене енуі керек. 
Оны уақыттың кез-келген сәтін ұжымның айқын да қызықты 
мақсаты болатындай, сонымен ӛмір сүретіндей әрі сол мақсатты 
орындауға талпынатындай етіп құру қажет. Перспективаны 
таңдағанда жұмысының нәтижелі бітуін ескеру әбден қажет.
Кейде педагогтың білім алушыға әсері кейбір себептерге 
байланысты тӛмен нәтижелі болып жатады. Оған жанындағы білім 
алушылар арқылы әсер ету ӛте жақсы жеміс береді. Мұнда 
параллель әрекет принципі іске қосылады. Оның негізінде білім 
алушыға тікелей емес, ұжым арқылы әсер ету талабы жатыр.
А.С.Макаренко ұжымаралық қатынасқа кӛп кӛңіл бӛлді. 
Қалыптасқан ұжымның ерекше белгілері ретінде ол мыналарды 
ескерді: 1) үнемі сергектік, іс-әрекетке дайындық; 2) ӛзіндік қадірін 
сезіну; 3) мүшелерінің достық бірлігі; 4) әр мүшенің ӛз қауіпсіздігін 
сезінуі; 5) іс-қимыл, әрекет белсенділігі; 6) дер кезінде 
ұстамдылыққа әдеттенуі, кӛңіл шарпулары мен тілдесудегі ӛзіне 
шек қоя білуі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   211




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет