2 КЕЗЕҢ – НЕГІЗГІ БӚЛІМ
2. Ауызша пікір алмасу
1. Азаматтық-патриоттық тәрбие және оның мақсаты
Лектор сӛзі (слайд 1):
Патриот адамның
негізгі қасиеттері
342
Азаматтық-патриоттық тәрбие
– адамға заң, әлеуметтік,
адамгершілік және саяси жағынан ӛзін кәдеге жарамды сезінуге
мүмкіндік беретін жеке тұлғаның интегративті қасиеті ретіндегі
азаматтық құлқын қалыптастыру.
Азаматтық-патриоттық қҧлықтың негізгі элементтеріне
: ӛзінің
қадір-қасиетін сезінуінен, жеке тұлғаның ішкі еркіндігінен,
тәртіптілігінен, басқа азаматтар мен мемлекеттік билікке деген құрмет
пен сенімінен, ӛзінің міндеттерін орындауға қабілеттілігінен,
отаншылдық, ұлттық және жалпыадамзаттық сезімдерін жарасымды
үйлестіруімен кӛрінетін адамгершілік және құқықтық мәдениет
жатады. Адамгершілік мәдениет жалпыадамзаттық моральдық
құндылықтарға негізделеді, ал құқықтық мәдениет құқықтық
мәдениеттің ӛмір сүруінің субьективті негізі және алғышарты ретінде
кӛрінеді, ондай мемлекет үшін адамдардың азаматтық жоғары деңгейде
қажетсіну тән. Жеке тұлғаның азаматтық-патриоттық құлқын
тәрбиелеу тәрбиешілердің субьективті күш-жігерімен ғана емес,
сонымен қатар, ең алдымен, қоғам мен мемлекеттің обьективтік жай-
күйімен, демократияның, гуманизмнің даму деңгейімен де анықталады.
Жеке тұлғаның
азаматтық-патриоттық тҧрпатының негізгі
белгілері
балалық, жасӛспірімдік, бозбалалық жаста, отбасында,
мектепте, әлеуметтік ортада қаланады да, әрі қарай адамның бүкіл ӛмір
бойы қалыптасады.
Азаматтық-патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты
– адамды
қоғамның, мемлекеттің адамгершілік құлық мұраттарына, Отанға деген
сүйіспеншілік сезіміне, бейбітшілікке талпынуына, қоғам игілігі үшін
еңбек етуді қажетсінуіне тәрбиелеу.
Патриотизм
грек тілінен аударғанда
«Patriotes» – отандас,
«Patris» – Отан, туған жер
деген мағынаны береді. Отанға деген
сүйіспеншілік, бойындағы күш қуатымен білімін Отан игілігі мен
мүддесіне жұмсау. Туған жер, ана тілін, елдің әдет-ғұрпымен салт-
дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан
бастап-ақ қалыптаса бастайды.
Азаматтық-патриоттық сезімнің
обьектісі мен қайнар кӛзі
– Отан десек, оның мазмұны: туған жер,
табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған
ӛлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам кӛкірегіне жылулық,
жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің
қайнар кӛздеріне айналуы азаматтық-патриотиоттық тәрбиенің
арқасы.
343
Елжандылық идея – отаншылдық сезім – адамда жүре пайда
болатын, жеке тұлғаның саналы ӛмірімен қабаттас қалыптасатын
психологиялық, әлеуметтік құбылыс. Отаншылдық сезім жалпы
адам баласына тән адами – түйсік қасиеті, оның еліне, туған жеріне,
ӛз тілі мен мәдениетіне, ұлттың құндылықтарына деген жеке
қатынасын, ӛзіндік бағасын, түйсінуін, қуаттап қолдауын
пайымдайтын сезім кӛрсеткіші.
3. Топтық жҧмыс: «Тҥртіп алу»
Студенттер 3 топқа бӛлініп, оларға тапсырмалар беріледі.
Жұмыс орындалған соң үлгілі шығармалар таңдалады және оның
себептері талқыланады.
1-топқа
«Қазақстан
азаматтарының
азаматтық-
патриоттық тәрбиеілілігінің деңгейі»,
2-топқа «Азаматтық патриоттық тәрбиені қай кезде берген
дҧрыс?»,
3-топқа «Азаматтық-патриоттық тәрбиенің мазмҧны»
Достарыңызбен бөлісу: |