Шағын сәулеттік форма



бет1/3
Дата08.11.2023
өлшемі2,94 Mb.
#190343
  1   2   3
Байланысты:
Шағын сәулеттік форма
лек 6, ҚМЖ Нурманқызы А, Нурманқызы А. Педагогика, лекция — копия (2), География пәнінен тест

Шағын сәулеттік форма

Қажымұқан ескерткіші

Қажымұқан ескерткіші

Қажымұқан ескерткішін салынуы

  • Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион 1969 жылы салынған. Жиырма мың көрермен еркін сиятын стадион о баста «Октябрьдің 50 жылдығы» деп аталып келді. Тоқсаныншы жылдардың басында, әсіресе, сол кездегі қала билігінің басына Қуаныш Төлеметовтей ұлтжанды азаматтар топтаса бастаған тұста орталық стадионға Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімін беру мәселесі жиі көтеріле бастады. Шымкент қалалық атқару комитетінің төрағасы ретінде Қуаныш Төлеметов бұл ұсынысты қолдап қана қоймай, тезірек жүзеге асуына мүдделі болды. Бұл әйгілі балуанның туғанына 120 жыл толу мерейтойы қарсаңында жүзеге асты. Ендігі жерде балуанға еңселі ескерткіш қою мәселесі тұрды. Демеушілердің көмегімен жүзеге асатын бұл істе де ұлтжанды азаматтар табыла кетті. Игілікті істің басы-қасында сол уақытта Шымкент гидромелиоративті-құрылыс техникумын (қазіргі М.Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжі) басқарған Манап Өтебаев жүрді. Ол тұста қазақтың зиялы қауымында біртұтас ұлттың мүддесі үшін күресе білу, қазақтың салт-санасын оятуда рушылдыққа, жершілдікке бұру деген болмаған сияқты. Содан да болу керек, стадионға Қажымұқан атын беруге ұсыныс жасағандарды қызу қуаттап, қолдап, атаудың ресми түрде берілуін өзі бақылап отырған Қуаныш Төлеметов, Қажымұқан ескерткішін салдыруға білек сыбана кіріскен Манап Өтебаевтай азаматтардың есімі әлі күнге мақтанышпен аталатыны.

Ескерткішке Қажымұқан атауы берілуі

  • Стадионның алдына еңселі ескерткіш салдыруға Манап Өтебаевтың ұйымдастыруымен қаржы да табыла кетті. Мүсін авторы Амангелді Тұрсынов. Әйгілі суретші Айнабек Оспанов жетекшілік еткен шығармашылық топ Қажымұқан Мұңайтпасұлының алып ескерткішін орнатуға құлшына кірісті. Осылайша игі іс 2001 жылы табысты аяқталып, стадион алдына қойылған Қажымұқан ескерткіші салтанатты түрде мамыр айында ашылды. Уақыт өте келе айналасында даңқты спортшылар аллеясы ұйымдастырылды. Балуан баба шарапаты тиіп, 2008 жылы стадионға күрделі жөндеу жүргізілді. Келесі, 2021 жылы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толады. Мерейлі датаны балуанның құрметіне лайық дәрежеде атап өту шараларына байланысты жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген азаматтар да жоқ емес. Солардың бірі белгілі сенаторлар Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев. Парламент төрінде отырған жерлестеріміз Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірі мен өнерін лайықты дәріптеу мәселесін күйттеп, былтыр Үкіметке хат жазғаны белгілі. Себебі, балуанның 140, 145 жылдық мерейтойлары дүркіреп аталып, арнайы естелік медаль шығарылғаны жұрттың есінде. Қажымұқан Мұңайтпасұлы қорының президенті, балуанның немересі Нұрлан Айдарханұлының ұйымдастыруымен, кәсіпкер, меценат азаматтар Серікжан Сейітжановтың, Махмұд Нәлібаевтың демушілігімен түрлі іс-шаралар өткен. Ел астанасы- Нұрсұлтан қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан, балуанның ата-анасы жерленген, туған өлкесінде еңселі ескерткішті де осы ұлтжанды азаматтар орнатқан еді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет